Терещкова көшесінен Бөгет көшесіне дейін атқарылатын жұмыстар 2020-2021 жылдарға жоспарланған. 2020 жылдың қазан айында басталған орташа жөндеу жұмыстарына 6109, 2 млн.теңге қарастырылған. Шымкент қаласының маңызды көшесі саналатын бұл даңғылдың құрылыс жұмыстары «КазахДорСтрой» ЖШС- жүргізіп жатыр. Кезеңнің жалпы ұзындығы 6 жолақты 0,561 шақырымды құрайды. Ал жолдың ені – 42 метр. Бүгінгі […]

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мегаполистегі театрларда «Қойылымдық костюмдер көрмесі» өтті. Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен өткен шарада театр ұжымдары ең таңдаулы қойылымдардың сахналық киім үлгілерін ұсынды. Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры Мысыр елін билеген, Қыпшақ даласының ұлы қаһарманы Сұлтан Бейбарысқа арналған Р.Отарбаевтың «Сағыныш шөбі», […]

Бүгін бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Бек Әметов мәлім етті. – Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында дауласушылардың едәуір бөлігі келісімге келіп жатыр. Бұл ретте қаралған істердің 18 пайызы ортақ мәмілеге келді, – деді Бек Әметұлы. Брифинг барысында Шымкент қалалық сотының әкімшілік […]

Бүгін кешке «Шымқала» тарихи-мәдени кешенінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында «Бабалар жолымен» тақырыбында мәдени іс-шара өтеді. Елбасы өз мақаласында ұлы даланың өткен тарихын жаңғырту және сақтаудың бірегей тұжырымдамасын ұлт құндылығы ретінде ұсынған болатын. Мақаланың негізгі мақсаты өткенді зерттеп, зерделеу. Ұлттық тарихи жәдігерлерді […]

Шымкент қаласы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында дайындалған Жол картасындағы іс-шаралардың орындалу барысын бақылау мақсатында «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Бектаеваның жетекшілігімен партия фракциясының жетекшісі қалалық маслихат депутаты Б. Тулегенов, фракция мүшелері қала маслихат депутаттары М.Жолдыходжаев, […]

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған жас жазушылар мен ақындар арасында өтетін «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауы туралы ХАБАРЛАНДЫРУ «Nur Otan» партиясы Қазақстан Жазушылар одағымен Өзара ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауын жариялайды. Байқаудың мақсаты – Тәуелсіздіктің алғашқы 30 […]

Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында ҚМДБ «Халал Даму» мекемесі және қала әкімдігінің бірлесе ұйымдастыруымен «Halal EXPO-2021» көрмесі басталды. 11-12 қазан аралығына жоспарланған «HALAL EXPO 2021» – отандық және шетелдік кәсіпорындарға өз өнімдері мен қызметін ұсынуға мүмкіндік беретін халал индустриясындағы ең үздік көрме. Халықаралық көрме елімізде, оның ішінде Шымкент қаласында тұңғыш рет […]

Шымкент қаласында 11-15 қазан аралығында шайбалы хоккейден 2010 жылы туған жасөспірімдер арасында «Федерация Кубогына» арналған республикалық турнир өтеді. Бүгін қалалық «Мұз сарайында» жасөспірімдердің бәсекесі бастау алды. Жарысқа Алматы қаласының «Rakhimzhan», «Medvedi», Павлодар қаласының «Ertis», Нұр-Сұлтан қаласының «Brigantina», «Barys», «Astana», Ақтөбе қаласының «Aqtobe», Атырау қаласының «Beibarys» және Шымкент қаласының «Turan» командасы […]

Шымкент қаласындағы Ақназар хан көшесінде орташа жөндеу жұмысы сәуір айында басталған болатын. Бүгінде құрылыстың 50 пайызы аяқталып, пайдалануға беру мерзімі күздің соңғы айына жоспарланған. Жөндеу жұмыстарын «Базис-К» ЖШС-і атқаруда. Жалпы ұзындығы 2,28 шақырымды құрайды. Жолдың төменгі түзету қалыңдығы 4 см болса, ал асфальт бетонның беткі қабаты 5 см етіп төселеді. […]

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің тоғыз айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы, республикалық бюджеттің атқарылуы және Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленген Ұлттық жобалар таныстырылды. Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев ел экономикасының даму көрсеткіштерін баяндап, Қазақстан экономикасында сенімді өсу бар екенін айтты. Республикада биылғы жылғы тоғыз айда инвестиция өсімі […]

На заседании Правительства под председательством Премьер-Министра РК Аскара Мамина были презентованы итоги социально-экономического развития страны за девять месяцев, исполнение республиканского бюджета и национальные проекты, разработанные в соответствии с поручением Главы государства. Министр национальной экономики Асет Ергалиев доложил о показателях развития экономики страны и отметил уверенный рост данной сферы. В республике […]

Бүгін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов «Көмешбұлақ» су жинақтаушысынан «Тұран» шағынауданы айналма жолына дейінгі үш магистралды суаққының құрылыс алаңына барды. Су жинақтаушысынан бастап айналма жолға дейін ұзындығы 4,48 шақырым болатын су тартқышының екі желісін салу жұмыстары жүргізілуде. Бас мердігер – «Сарыағаш-Аман» ЖШС. Құрылыс жұмыстары 2020 жылдың мамыр айында басталған. Мердігер мекеме […]

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаланың солтүстік бөлігіндегі суаққы құрылысының жұмысымен танысты. «Асар-2» ықшам ауданынан бастап Төлеметов көшесі мен Алматы трассасының қиылысына дейінгі магистралды су құбырының құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Нысан құрылысы мердігер мекеме «Build Stroi» ЖШС-гі тарапынан биылғы жылдың мамыр айында басталған. Магистралды су құбырының жалпы ұзындығы […]

Қала әкімі Мұрат Әйтенов Арғынбеков пен Жібек жолы көшесінен бастап №2 коллекторға дейін жүргізіліп отырған канализациялық коллектор құрылысын қадағалады. Коллектордың жалпы ұзындығы 13,1 шақырымды құрайды. 2020 жылдың қазан айында мердігер мекеме «Сарыағаш-Аман» ЖШС тарапынан 8 шақырым коллектор тартылып, құрылыс жұмыстарының 78 пайызы аяқталған. Аталған канализациялық коллектор құрылысы жыл соңына дейін […]