Қала әкімі М.Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес бүкіл қала аумағын және қаладан шалғай орналасқан шағын аудандар мен тұрғын алаптарды талшықты оптика желісімен қамтамасыз ету тапсырылған болатын. Бүгінде осы тапсырмаға сәйкес интернет сапасы төмен 30 тұрғын алап анықталып, оларға оптикалық желі арқылы интернетпен қамтамасыз ету үшін басқарма тарапынан жеке инвесторлармен келіссөздер жүргізілді. Нәтижесінде, […]

Еліміз бойынша коронавирусқа қарсы вакцина алу науқаны 2021 жылдың ақпан айында басталды. Осыған орай азаматтық штаб құрылып, оның мүшелері елдің әр өңірін аралап жүр. Мұндағы мақсат – вакцинаға қатысты жекелеген азаматтардың ғана емес, жалпы байланыс платформалары арқылы көпшіліктің сауалдарына жауап беру, екпе алу туралы түсіндіру. Өткен тәулікте еліміз бойынша «вирус […]

Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар — ел өркендеуінің берік негізі» атты биыл жарияланған Жолдауын насихаттау мақсатында университет студенттерімен жиын өтті. Басқосуға ОҚМПУ ректоры Гүлжан Сүгірбаева және университеттің бірінші проректоры Баршагүл Исабек қатысып, студенттерге Жолдауда айтылған маңызды тұстарды баяндап берді. […]

Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Ғ.Өтенбаев 2021 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Басқарма тарапынан жыл басынан бері 48 құрылыс нысанына қатысты тексеру тағайындалып, 139 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылған. Басқарма басшысының айтуынша, 20 техникалық қадағалаушы, 2 авторлық қадағалаушы, 2 жобалау сарапшы және […]

Шымкент қаласы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Б.Қалжанов 2021 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстарды баяндады. Басқарма басшысы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау, жазатайым жағдайлар, ұжымдық шарт жасасу, ақпараттық-насихаттық және тағы басқа бағыттарда жүзеге асқан жұмыстарды айтып өтті. 9 айда әр түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардан, жеке тұлғалардың 831 арыз-шағымдар […]

Шымкент қаласында қызмет барысында жазатайым оқиғалардың алдын алу бағытында тиісті жұмыстар атқарылуда. Қалалық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Б.Қалжановтың мәлімдеуінше, жұмыскерлер еңбегінің қауіпсіздігін және қорғалуын бақылауды қамтамасыз ету бойынша бүгінде қаладағы 17 кәсіпорында «Халықтық бақылау» жобасы енгізілді. «Vision Zero – Нөлдік жарақат» тұжырымдамасын ілгерілету бойынша қаладағы 52 кәсіпорынмен өзара түсіністік […]

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков бүгін қаладағы тозығы жеткен бірқатар үйлерді аралап, тұрғындардың жай-күйімен танысты. Бүгінде қаланың техникалық зерттеу қорытындысы негізінде 107 көппәтерлі тұрғын үй тозығы жетіп, бұзуға ұсынылған. Өткен ғасырдың 30-шы жылдары соғылған үйлер бүгінде апатты жағдай алдында. Әкім орынбасары ең алдымен 1-Мамыр көшесі бойында орналасқан 14 А,Б, […]

Бүгін қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Б.Нарбекова азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Қабылдау барысында әлеуметтік мәселелерге қатысты 2 қала тұрғыны келіп, өз ұсыныс-тілектерін білдірді. Қабылдау барысында Балмаржан Полатқызы әрбір тұрғынның жеке мәселесін тыңдап, бірқатарына заңдылыққа сәйкес жауап берді. Азаматтардың мәселесін шешу үшін тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар […]

Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының басшысы Ә.Әбдіраханов қала әкімдігінің «Инстаграм» парақшасында өткен тікелей эфирде қала аумағын мобильді байланыс және талшықты оптика желісімен қамтамасыз ету жұмыстарының барысын айтып өтті. Қала аумағын және қаладан шалғай орналасқан елдімекендер мен тұрғын алаптарды сапалы интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары 3 кезеңге бөлінген болатын. Биыл интернетпен қамтамасыз етудің […]

Шымкент қаласында асфальт жолдың жалпы ұзындығы 2029,2 шақырымды құрайды. Жыл басынан бері шаһарда көліктердің жол қозғалысын реттеу, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 215 шақырым жол таңбалары сызылды. Нақтырақ айтқанда, 150 шақырымды термопластикпен, қалған 65 шақырымды акрильді краскамен сызу жұмыстары атқарылды. Сонымен қатар, қыркүйек, қазан айларында жөндеу жұмыстары аяқталған Б.Момышұлы көшесі, […]

Қала әкімі Мұрат Әйтенов білім басқармасының тоғыз айда атқарған жұмыстарының есебін қабылдады. Басқарма басшысы Ж.Тәжиеваның айтуынша, есепті мерзімде салалық мемлекеттік бағдарлама көрсеткіштерінің орындалуы 86,9%-ға жетсе, «Жобалық кеңсе» платформасының индикаторлары – 100% орындалған. Қала бойынша 782 білім беру ұйымдары қызмет атқарады. Оның ішінде 526 – мектепке дейінгі мекемелер, 202 – орта […]

Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Ғ.Өтенбаев газ-техникалық инспекция бөлімінің 9 айда атқарған жұмыстарының нәтижелерін баяндады. Шымкент қаласында бүгінгі таңда үгіт-насихат түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында 185 605 газ пайдаланушының 107 мыңы (58 %) ішкі газ жүйелеріне қызмет көрсетуші мекемелермен келісімшарт жасасты. Оның ішінде көпқабатты тұрғын үйлердегі тұтынушылардың саны 66 […]

Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы тарапынан жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде жалпы алаңы 303,3385 га болатын 6 жер учаскесі мүлік иелерінің еркімен мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы басқарма басшысы Ғ.Утенбаев қала әкімі Мұрат Әйтеновке мекеменің тоғыз айда атқарған жұмыстарының есебін беру жиынында айтты. Көпқабатты тұрғын үйлер бойынша жаңа басқару жүйесін […]

Шымкент қаласында биыл қоғамдық көлік жүргізушілерінің біліктілігін арттыру бойынша оқу курсы басталған болатын. Жыл басынан бері «Жолаушы тасымалының ережелері және қауіпсіздігі», «Медициналық көмек келгенге дейінгі алғашқы көмек», «Психология және конфликтология негіздері», «Кәсіби этика және қарым-қатынас мәдениеті» тақырыбында дәрістер жүргізілуде. Тасымалдаушы компаниялардың 1100 жүргізушісі оқу курсынан өтуге келісімшарт жасасқан. Бүгінде 80 […]