adilettv

DIGITAL QAZAQSTAN ФОРУМЫ АЛҒАШ РЕТ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ӨТЕДІ

Қазақстандағы практикалық цифрлық және AI-трансформацияға бағытталған ұлттық технологиялық форум биыл алғаш рет Шымкент қаласында өтеді.
Өңірлерді біртұтас цифрлық күн тәртібіне жұмылдырып, нақты секторға, мемлекеттік басқару мен әлеуметтік салаға технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізуге жағдай жасайтын форумның биылғы орталығы ретінде индустриялық және экономикалық әлеуеті зор Шымкент қаласы таңдалып отыр.
Сонымен, 2026 жылғы 27 наурыз күні Digital Qazaqstan форумы – Шымкентте!
Форум өнеркәсіпте, мемлекеттік басқаруда және өңірлік экономиканы дамытуда қолданылатын цифрлық және AI-шешімдерге басымдық береді.
Бағдарламада:
– пленарлық отырыс
– панельдік сессиялар мен дөңгелек үстелдер
– IT-компаниялар мен стартаптар көрмесі
– технологиялық байқаулар мен хакатондар
– цифрлық трансформация саласындағы ұлттық жүлде – Digital Qazaqstan Awards.
@digital_qazaqstan қатарына еніп, еліміздің цифрлық болашағын құруға үлес қосыңыз!

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

КӨКСАЙ ШАҒЫНАУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНА ЖАҢА ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

AdiletTV

Шымкент қаласы: Еңбекші АПБ ЖПҚ №36 тірек пунктінде профилактикалық жұмыстар кестеге сәйкес өтуде.

AdiletTV

Шымкент қаласы: Абай АПБ ЖПҚ №4 тірек пунктке қарасты мекемелерде ұдайы зорлық-зомбылық, лудамания тақырыптарында түсіндірме жұмыстары жүріп келеді

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз