Қоғам Өңір Соңғы жаңалықтар

IT-МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

«Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы аясында қаламызда «RoboPark» және «Sifro» бағдарламалау мектептері ашылған болатын. Ұлттық жобасы аясында қаламызда ашылған мектеп цифрлық дәуірде инфрақұрылымды тиімді және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету, қаламыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына ғылымның үлесін арттыру. 

Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының ұйымдастыруымен, ашық есік күні өткен болатын. Ашық есік күніне келген қала тұрғындары бағдарламалау мектептерінің жұмысымен танысты. Қала әкімдігі тарапынан әлемдік стандарттарға сәйкес IT саласында жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлайтын бағдарламалау мектептерінде 100 қала тұрғынына тегін білім алуға мүмкіндік қарастырылды. Тегін курсқа қатысушылар қатарынан болғысы келетін тұрғындар «i-shymkent.kz» порталына ЭЦҚ арқылы кіріп, өтініштерін қалдырып, екі апта уақыт ішінде курсқа қабылдауға іріктеу жұмыстары жасалды.

Нақтылай кетсек, i-shymkent.kz порталы – Шымкент қаласының қызметтер мен сервистердің бірыңғай орталықтандырылған порталы болып табылады. Бұл сервис қала тұрғындарына, бизнес өкілдері мен қонақтарына үйден шықпай-ақ бірыңғай орталықтандырылған цифрлық экожүйеде түрлі қызметтер мен сервистерді алуға көмектеседі. Қызметтерді онлайн алуға мүмкіншілігі жоқ тұлғаларға арнайы ашылған фронт-офис қызметкерлері барлық қызмет түрін алуға көмектеседі және бағыт-бағдар береді. Мемлекет басшысының Жолдауы аясында айтылған тапсырмасына сәйкес, «Цифрландыру, ғалым жәна инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы әзірленіп, бекітілді. Оның мақсаты елімізді заманауи мемлекетке айналдыру, цифрлық трансформация арқылы тиімді мемлекеттік басқаруды, сенімді деректер негізінде шешімдер қабылдауды, цифрлық дәуірде инфрақұрылымды тиімді және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ғылыми үлесін арттыру

Шара соңында цифрландыру басқармасы және бағдарламалау мектептері арасында,  IT саласындағы білікті мамандарды бірлесіп даярлау туралы ниеттерін айқындайтын ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Қатысты жазбалар

ШЫМКЕНТ: ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН МЕМЛЕКЕТ МҰҚТАЖЫНА ҚАЙТАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

admin

ЖАС ТАРИХШЫЛАРДЫҢ «МЕНІҢ ШАҒЫН ОТАНЫМ» АТТЫ V РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢІНЕ ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

admin

Жезқазғанның жолдарын жөндеу: әкім асфальт орнына плиталардың пайда болуын түсіндірді

AdiletTV

Пікір қалдыру