14.3 C
Shymkent
19 марта, 2026
adilettv

КОНСТИТУЦИЯ: ЕЛДІҢ ТҰТАСТЫҒЫ МЕН АЗАМАТ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ КЕПІЛІ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиында елдің құқықтық негізін нығайту мен азаматтардың бостандықтарын қорғаудағы маңызды мақсаттарды атап өтті. Мемлекет басшысы Конституцияның басты міндеттері – елдің тұрақтылығы мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау, қоғамда әділет пен заң үстемдігін нығайту екенін ерекше атап көрсетті.
«Конституциямыздың ең басты мақсаттары – жеріміздің тұтастығын, еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін қорғауға, азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарын сақтауға, қоғамдық әділет пен заң үстемдігін нығайтуға кепілдік беру, сондай-ақ білім, ғылым, инновация мен мәдениетті дамыту, тазалықты дәріптеп, табиғатты қорғауды қамтамасыз ету», – деді Президент.
Жаңа Конституция тек құқықтық құжат қана емес, ол – мемлекетіміздің дамуы мен ұлттық бірліктің негізін бекітетін маңызды бағдаршам. Оған сәйкес, азаматтар мемлекеттің дамуына белсенді қатысып, өз құқықтары мен міндеттерін толық түсінуге мүмкіндік алады. Сонымен қатар, құжат білім мен ғылым, инновация мен мәдениетті дамыту, қоршаған ортаны сақтау сияқты стратегиялық бағыттарды да қамтиды.
Мемлекет басшысының сөзінен көрініп тұрғандай, Конституция – елдің тәуелсіздігі мен қоғамдық әділеттілігін нығайтып, азаматтар үшін сенімді болашақ құруға арналған басты кепіл. Бұл құжат әрбір қазақстандық үшін мемлекетіміздің тұрақтылығы мен гүлденуінің маңызды символы болып қала береді.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Темпы индустриального развития: объем промышленного производства в Шымкенте достиг 680 млрд тенге

AdiletTV

Развитие импорта Шымкента из стран Евразийского экономического союза

AdiletTV

В РЕЗУЛЬТАТЕ ДТП В ОХРАННОЙ ЗОНЕ ГАЗОПРОВОДА ПРОИЗОШЛО ВОЗГОРАНИЕ АВТОМОБИЛЯ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз