14.3 C
Shymkent
19 марта, 2026
adilettv

«МАҒАН АҚША БЕРІП, БӘРІН ҚОЛДАН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ»

Санжар Боқаевтың тапсырмасын орындады деген ер адам мәлімдеме жасады. Ахридин Хамракулов қарапайым жұмысшы болып істеген.

Ол Боқаевпен алғаш рет 2023 жылы танысқан. Танымал блогер оны үй жөндеу үшін жалдаған екен.

Хамракуловтың сөзінше, 2025 жылдың аяғына қарай Боқаев өзіне қажет видео түсіру үшін оған тапсырма берген. Белсенді гранит плиталарды сатып алып, оларды зиратқа жеткізуді тапсырған.

Одан кейін Боқаевтан Баум тоғайында ағаштарды кесу туралы тағы бір тапсырма берілген. Бұл жұмыс үшін Хамракулов 100 мың теңге алыпты.

Ахридин бұған дейін желіде тараған видеоға пікір білдірді. Ол кезде Хамракулов полиция тарапынан қысым көргенін айтқан. Енді ол ешкім қысым көрсетпеді дейді.

Оның айтуынша, Боқаевтың адвокаты Диас Ахметов камераға қысым көрсетіп жатыр деп айтып шу шығару керек екенін айтқан. Хамракулов қорыққанынан адвокаттың сөзіне сенген.

Ол халықты Боқаев пен оның командасына сенбеуге шақырды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

НЕБО, РАДОСТЬ И ЕДИНСТВО: ШЫМКЕНТ ОТМЕТИЛ ПРАЗДНИК В ЯРКИХ КРАСКАХ

AdiletTV

МАС КҮЙІНДЕ КӨЛІК ЖҮРГІЗГЕН СУДЬЯ ӘСЕЛ ДОСАЕВА ЖҰМЫСТАН ШЫҒАРЫЛДЫ

AdiletTV

ШЫМКЕНТТЕ 2026 ЖЫЛЫ 31 МЫҢНАН АСТАМ АДАМДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖОСПАРЛАНУДА

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз