adilettv

МАРИХУАНАНЫҢ ІРІ ПАРТИЯСЫ ТӘРКІЛЕНДІ

Алматыда марихуананың ірі партиясы тәркіленді, — деп хабарлайды Polisia.kz. Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Әуезов аудандық полициясының жедел уәкілдерімен бірлесіп, есірткі өсімдіктерін заңсыз өсіру дерегін анықтады. НАЛО: Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері құрамында есірткі бар өсімдіктер өсірілетін, жабдықталған фитозертхананы анықтады. Ғимараттан өзіне тән иісі бар 31 түп өсімдіктер, сондай-ақ арнайы техникалар: шамдар, таразылар, тыңайтқыштар, судың қышқылдығы мен температурасын өлшейтін құрылғылар тәркіленді. Сараптамаға сәйкес, өсімдіктер – марихуана есірткісі деп танылды, оның жалпы салмағы 21 келіден асады. Күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев отставкаға кету туралы өтініш берді.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 201 МЫҢ КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛЫП, 317 МЫҢ АҒАШ ӘКТЕЛДІ

AdiletTV

ШЫМКЕНТТІҢ ЖАС ӨНЕРПАЗДАРЫ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІН ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз