-1.7 C
Shymkent
10 марта, 2026
adilettv

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ АҚМАРАЛ ӘЛНАЗАРОВАНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Президентке денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі жай-күйі мен саланы дамыту перспективасы жөнінде есеп берілді.

Ақмарал Әлназарова:

➤ негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштер туралы баяндады.

✔️Жалпы және нәрестелер өлімі 15,3 пайызға төмендеді.

✔️Қазақстанда жұқпалы емес аурулардан мерзімінен бұрын қайтыс болғандар саны 25 пайызға азайды. Осылайша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мақсатты көрсеткішіне қол жеткізілді.

➤ медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, алғашқы медициналық жәрдемді жетілдіру, скрининг бағдарламаларының аясын кеңейту және ана мен бала денсаулығын қорғау қызметін жаңғырту жөнінде мәлімдеді.

✔️Онкологиялық қызметті дамыту шаралары жалғасып келеді.

✔️Астана қаласындағы жаңа онкологиялық кешеннің базасында Протонды терапия орталығы ашылды.

✔️Қызылорда және Ақтау қалаларында 2 жаңа ПЭТ/КТ кешені іске қосылды.

✔️Барлық өңірде сарапшылық эндоскопия орталықтарының жұмысы жолға қойылды.

✔️Ұлттық ғылыми онкология орталығы мен аймақтардағы бірқатар нысан құрылысы аяқталды.

➤ МӘМС жүйесіндегі қаржыны бақылауды күшейту, соның ішінде қаражатты мақсатты жұмсауды мониторингтеу жүйесін автоматтандыру және медициналық қызмет көрсетушілерге талапты қатаңдату шараларына баса назар аударды.

✔️Министрлік Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Денсаулық сақтаудың бірыңғай цифрлық инфрақұрылымын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

✔️Жеке-жеке қызмет көрсететін ақпарат жүйелерін E-Densaulyq платформасына біріктіру қолға алынған.

➤ соңғы екі жылда фармацевтика өнеркәсібіне салынған инвестиция көлемі 2,3 есе, ал дәрі-дәрмектің экспорты 1,9 есе өскенін баяндады.

✔️Дәрі-дәрмектің 400-ден астам түрін өндіру бойынша 6 инвестициялық келісім жасалды. Олардың жалпы құны 316,3 миллиард теңгеге бағаланған.

➤ саланың кадрлық әлеуетін дамыту, медицина қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету жөнінде ақпарат ұсынды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚАЛАЛЫҚ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АУРУХАНАСЫНДА ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

AdiletTV

Шымкент қаласы: Есірткімен күрес жұмыстарында ешкім шетте қалмауы тиіс

AdiletTV

«Shymkent Smelting»: 3 млрд теңгелік инвестициямен іске асқан қара қорғасынды қайта өңдеу жобасы

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз