12.3 C
Shymkent
19 марта, 2026
adilettv

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНЕ БАРДЫ

▪️Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапары аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми әлеуетімен танысты.
▪️ҚазҰУ ректоры – басқарма төрағасы Жансейіт Түймебаев Мемлекет басшысына Инновациялық өнімдер орталығының және Farabi Hub-тың жоғары технологиялық жобаларын көрсетті.
▪️Хаб экономиканың нақты секторына инновациялық әзірлемелер енгізуді көздейтін заманауи платформа ретінде құрылған. Оның базасында креативті индустрия, жасанды интеллект пен стартап жобалары іске асырылады. Осы арқылы 300 жаңа жұмыс орны ашылып, 20 миллион доллардан аса инвестиция тартылды.
▪️Орталықта ZTE, BASF, Binlin технологиялық корпорацияларының, сондай-ақ басқа да шетелдік жетекші ғылыми ұйымдардың зерттеу алаңдары орналасқан. Бұдан бөлек, мұнда ҚазҰУ-дің ғылыми-зерттеу институттары жұмыс істейді.
✔️Президентке университет жалпы құны 1 миллиард 250 миллион теңгені құрайтын төрт ірі жобаны жүзеге асырып жатқаны жөнінде мәлімет берілді.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АСА ІРІ КӨЛЕМДЕ СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІ САТҚАН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

AdiletTV

МАҢҒЫСТАУДА ТЕҢІЗ МАҢЫНДА АҚҚУЛАРДЫҢ ӨЛЕКСЕЛЕРІ ТАБЫЛЫП ЖАТЫР

AdiletTV

ҚАЗАҚСТАНДА 8 АЙЛЫҚ СӘБИДІҢ ІШІНЕН ИНЕ ТАБЫЛДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз