5.3 C
Shymkent
13 марта, 2026
adilettv

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ОТАНДЫҚ IT-БИЗНЕСТІҢ КӨКЖИЕГІН КЕҢЕЙТУДІ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРДІҢ БІРІ РЕТІНДЕ ҚАРАСТЫРУҒА ШАҚЫРДЫ

– Бұл бағытта қазірдің өзінде көп жұмыс істелді. Astana Hub-тың негізінде кәсіпкерлерге барынша қолайлы жағдай жасалды. Еліміздегі IT қызметтердің экспортынан түскен табыс 1 миллиард долларға жуықтады. Зияткерлік өнім өндіретін, оны шетелге сататын жобаларға мемлекеттік қолдау көрсетілуі қажет, – деді Президент.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект технологияларын өндіріс саласына енгізуді ынталандыру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ цифрлық төлем инфрақұрылымына қатысты мәселені шешуді тапсырды.

✔️Президенттің айтуынша, жасанды интеллектіні экономиканың нақты секторында кеңінен қолдану технологиялық дербестік пен экономикалық өсімнің маңызды факторы саналады.

✔️Үкіметтің алдында өнеркәсіпке озық технологиялар енгізу үшін ынталандыру тетіктерін қарастыру міндеті тұр.

– Азаматтарға арналған банк қызметтеріне айрықша тоқталғым келеді. Менің тапсырмаммен Ұлттық банк цифрлық қаржы инфрақұрылымын жасады. Оның аясында банкаралық QR-төлемдер және аударымдар, цифрлық теңгемен есеп айырысу қызметтері пайда болды. Бұл төлем тізбегіндегі делдалдар санын қысқарту арқылы шығынды айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді. Банктер заң жүзінде аталған инфрақұрылымға қосылуға міндеттелді. Алайда ірі банктер бұл талапты созбалаңға салып, орындамай отыр, – деді Мемлекет басшысы.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҰҚК ҚЫЛМЫС ӘЛЕМІНІҢ СЕРКЕСІ: «КРОПАЛЬ» ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫС ТОБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ ДЕГЕН КҮДІКТІНІ ҰСТАДЫ

AdiletTV

Шымкентте проблемалық объектілер құрылысының мониторингі жалғасуда

AdiletTV

ШЫМКЕНТТЕ 2026 ЖЫЛЫ 31 МЫҢНАН АСТАМ АДАМДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖОСПАРЛАНУДА

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз