12.3 C
Shymkent
16 марта, 2026
adilettv

МЫҢ АЙДАН ДА ҚАЙЫРЛЫ ҚАДІР ТҮНІН ҚАЛАЙ ӨТКІЗУ КЕРЕК?

Қазақстанда биыл қасиетті Қадір түні 16-нан 17 наурызға қараған түнге сәйкес келеді. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) мәлімдеді.

Ислам дінінің сенімі бойынша, дәл осы түні Жәбірейіл періште жерге түсіп, Мұхаммед пайғамбарға Құранның алғашқы аяттары түсірілген. Мүміндер бұл түнді құлшылықпен өткізіп, өткен күнәлары үшін кешірім тілейді. ҚМДБ мәліметінше, Қадір түнін шынайы ниетпен өткізген адам 1000 ай құлшылық еткендей сауап алып, алдыңғы қателіктері кешіріледі.

Бұл түні мұсылмандарға Құран оқу, қосымша намаздар орындау, дұға жасау, сондай-ақ мұқтаж жандарға көмектесіп, ізгі істер істеу ұсынылады. Ел мешіттерінде ұжымдық құлшылықтар, түнгі намаздар мен рухани уағыздар айтылады. Сондай-ақ, бұл түннің алдында өкпе-реніштерді кешіріп, айналадағы жандардан кешірім сұрау маңызды болып саналады.

Қадір түні күн батқаннан бастап таң атқанша жалғасады. Биыл Қазақстанда Рамазан айы 19 ақпанда басталып, 29 күнге созылады. Ораза айт мерекесі 20 наурыз күні атап өтіледі.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«АКТИВ ЛОМБАРД» ИЕСІНІҢ МИЛЛИАРДТАҒАН БАЙЛЫҒЫ ТӘРКІЛЕНДІ

AdiletTV

Түркістан облысы: Ордабасы аудандық ауруханасында инсульттің алдын алу бойынша жиын өтті.

AdiletTV

ДОНОР БОЛЫП, ӨЗГЕГЕ ӨМІР СЫЙЛА!

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз