Педофилдер – кәмелетке толмаған балаларға зорлық-зомбылық көрсетіп, қоғамға жат әдетпен айналысатындықтан, оларға деген заң да қатайып келеді. Бірақ, қылмыстың бұл түріне баратындар азаймай отыр. Түрмеге түсіп, темір тордың әр жағында қасындағылардан зорлық-зомбылық көрсе де, педофильдер  кәмелетке толмағандар үшін өте қауіпті болып тұр. Әрине, бұл жағдай қоғамда үлкен наразылық тудырып отыр. […]

Алматыдағы ұшақ апаты кезінде жүкті әйелге қорғаныш болған Темірлан Қадауов марапатталды. Қалалық полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаев атпал азаматқа алғыс айтып, «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалін кеудесіне тақты. Темірлан жүкті әйелді құтқарумен қатар өз өміріне қауіп төніп тұрғанына қарамастан, өзге де жолаушыларға көмек көрсеткен. «Ол […]

Қостанай облысындағы Затобол кентінің атауы Тобыл деп өзгеріп, аудандық маңызы бар қала мәртебесі берілді. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысы Қостанай ауданындағы Затобол кентіне аудандық маңызы бар қала мәртебесін беру және атауын Тобыл деп өзгерту туралы Жарлыққа қол қойды. «Қостанай облысы Қостанай ауданындағы Затобол кентіне аудандық маңызы бар қала мәртебесі […]

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов жаңа жыл мерекесі қарсаңында қалалық полиция департаментінің қызметкерлеріне жаңа қызметтік автокөліктердің кілтін табыстады. Осылайша тәртіп сақшыларының көлік паркі отандық өндірісте құрастырылған 109 жаңа автомобильмен толықты. Аталған қызметтік көліктер ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ішкі істер қызметі жұмысының тиімділігін арттыру тапсырмасы бойынша беріліп отыр. Полиция қызметкерлерін Жаңа […]

Беделді Transfermarkt порталы қазақстандық футболшылардың трансферлік бағасын жаңартты. Ең қымбат отандық футболшы Бауыржан Исламхан болды. “Қайраттың” экс-капитаны 600 мың еуроға қымбаттаған, қазір оның құны – 3 миллион еуро. Екінші және үшінші орындарға Дмитрий Шомко мен Роман Муртазаев бөлісті, “Астананың” қорғаушысы мен оның бұрынғы клубтасы трансферлік нарықта 2,5 миллион еуро тұрады. Ресейлік “Ростовтың” […]

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2019 жылға арналған жоспарының орындалу барысы және 2020 жылға арналған жобасы туралы Үкімет отырысында  әділет министрі Марат Бекетаев баяндама жасады.  М. Бекетаев атап өткендей, Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2019 жылға арналған жоспары бекітілген кезде онымен 27 заң жобасын әзірлеу […]

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2019 жылға арналған жоспарының орындалу барысы және 2020 жылға арналған жоспар жобасы қаралды. ҚР әділет министрі М. Бекетаев баяндама жасады, ол биыл Парламентке «Педагог мәртебесі туралы», «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексті, Экологиялық кодексті және т. […]

Алматы халықаралық әуежайы 27 желтоқсан күні болған ұшақ апатының хронологиясын жариялады. Бұл жазбаны әуежайдың баспасөз қызметі Facebook-тегі ресми  парақшасында жариялаған. «Төтенше жағдай орын алғанда әрқашан уақытты тиімді пайдаланып, дұрыс шешімдер қабылдай білудің маңызы зор. Алматы халықаралық әуежайы қызметінің де әлемнің басқа әуежайлары секілді арнайы нұсқаулықтар мен алгоритмдер жүйесі бар. Апат болған күні […]

Тектінің бойында өзімшілдік, байлық пен бақ таласы деген жоқ, болмайды да. Текті адамдардың барлығы да тарихпен, өт­кен дәуірдің тәжірибелерімен санасады, оның дұрыстығын қолдайды, өзінің шамасын біліп, білімін жетілдіріп оты­рады. Хәкім Абай: «Адам-адамнан, тек білімі арқылы артық» дей отырып, «Әуелі адамның адамдығы ақыл, ғылым деген нәрселерменен. Мұның табылмақтығына себептер – әуелі […]

Ришат Қалибек Алматы облысы Талғар ауданына қарасты жер телімін 2014 жылы сатып алған. Аумағы 6 соттық жерге үй салуды осыдан 5 жыл бұрын бастаған. Биыл кіруді жоспарлағанымен, коммуникация тартылмағандықтан әлі көшіп бармаған. «Үй біткен болатын, ішкі әрлеу жұмыстары да аяқталған. Ішіне жиһазды да кіргізіп қойғаныбыз. Бірақ тоқ, су жоқ. Биыл […]

Аза тұту күні еліміздің оңтүстік астанасында болған жантүршігерлік қайғылы оқиғаға байланысты жарияланды. Осыған байланысты елорданың орталығында ілулі тұрған Қазақстанның ең үлкен туы түсірілді. Айта кетерлігі, бұл ту он жыл бұрын ілінген. Оның ауданы 450 шаршы метрден кем емес және салмағы жүз келіге жуық. Еске сала кетсек,  27 желтоқсан күні  Алматыдан […]

«Ақорда» резиденциясында Премьер-Министрдің, Президент Әкімшілігі басшылығының, Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының, Бас прокурордың, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының, Ішкі істер, Ақпарат және қоғамдық даму, Денсаулық сақтау министрлерінің қатысуымен Алматы әуежайы маңындағы жолаушылар ұшағының апатына байланысты шұғыл кеңес өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан қаза болған азаматтардың отбасылары мен жақындарына көңіл […]

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің Ауғанстан Республикасынан шыққанына 30 жыл толуына орай қаладағы ауған соғысы ардагерлерімен кездесті. Кездесу бүгін Алматыдан Нұр-Сұлтан бағытында жолға шыққан «Bek Air» әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырауынан қаза болғандарға байланысты бір минуттық үнсіздікпен басталды. «Арада отыз жыл уақыт өтсе де отты […]

Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы болып Мыңбаев Рашид Мамытұлы тағайындалды. Рашид Мамытұлы 1981 жылы 11 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы Шаян ауылында дүниеге келген. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында білім алып, Қазтұтынушылар одағының Қарағанды экономикалық университетінде МВА Swiss […]