adilettv

СЕМЕЙДЕ ДЕНЕСІ ҚОҚЫС ЖӘШІГІНЕН ТАБЫЛҒАН НӘРЕСТЕНІҢ АНАСЫ ҮЙГЕ ЖІБЕРІЛДІ

Ана мен оның танысы үйден шықпау жөнінде кепілге қол қойды.
Қазір полиция жағдай бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
Еске салайық, осы айдың 6-шы жұлдызы хабарлағанымыздай: «Семейде қоқыс жәшігінен нәрестенің денесі табылды. Анасы да бірден анықталып, ол шақалақ өлі туылғанын айтып ақталды. Тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерден табылған шақалақты дүниеге әкелген 20 жастағы келіншек баласын үйінде босаныпты. Айтуынша, бала өлі туылған. Ал сүлгіге оралған баланың денесін қоқыс контейнеріне басқа бір тұрғын тастаған. Оның босанған келіншекке қандай қатысы бар екенін полицейлер ашып айтпады. Бірақ баланың өлі туылғанына екеуі де тергеушілерді сендіре алмаған. Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сондай-ақ шетінеп кеткен қыздың мәйіті сараптамаға жіберілді.»

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТАЛДЫҚОРҒАНДА ЕР АДАМ ӘЙЕЛІ МЕН ҮШ ЖАСАР БАЛАСЫН АЯУСЫЗ СОҚҚЫҒА ЖЫҚҚАН

AdiletTV

ПРЕЗИДЕНТ U.S. INTERNATIONAL DEVELOPMENT FINANCE КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ (DFC) АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ БЕН БЛЭКТІ ҚАБЫЛДАДЫ

AdiletTV

Туризм және креативті индустрия кеңесінің отырысы өтті

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз