5.3 C
Shymkent
26 февраля, 2026
adilettv

ШЫМКЕНТ: КӨП ҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРДІ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖАЛҒАСУДА

Шымкент қаласында «Тұрғын үй-коммуналды инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында 2025 жылы көп қабатты 26 үй күрделі жөндеуден өтті. Әл-Фараби ауданында – 20, Еңбекші ауданында – 2, Тұран ауданында 4 үйдің қасбеті жаңартылып, шатыры ауыстырылды.
Сонымен қатар, үйлерге кіреберістер мен бастырмалар орнатылып, кешенді жаңарту жұмысы атқарылды.
Ал биыл қала аумағында көп қабатты 15 үйдің жалпы мүлкі күрделі жөнделуде. Атап айтқанда, Әл-Фараби ауданында – 9, Еңбекші ауданында – 4, Тұран ауданында – 2 үй.
Айта кетейік, Шымкент қаласының тұрғындары қайтарымды қаржы есебінен күрделі жөндеу жұмысына «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-не жазбаша өтінім бере алады.
Мекенжайы: Ш.Қалдаяқов көшесі, №30.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

г. Шымкент: на семинаре-совещании по интернет-мошенничеству даны ответы на вопросы!

AdiletTV

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА ПӘКІСТАНМЕН БІРЛЕСКЕН 20 МИЛЛИОН ДОЛЛАРЛЫҚ ЗАУЫТ САЛЫНБАҚ

AdiletTV

Шымкентте проблемалық объектілер құрылысының мониторингі жалғасуда

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз