adilettv

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ҚАЛАДАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қала аумағын аралау барысында бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардың жұмысымен танысты.

Іссапар аясында қала басшысы Асар-2 шағынауданында орналасқан жалдамалы тұрғын үйлердің кілттерін табыстау рәсіміне қатысып, тұрғын үй кезегінде тұрған 30 отбасының қоныс тойына ортақтасты. Әкім жаңа қоныс иелерін құттықтап, әр шаңыраққа тұрақтылық, береке мен жайлылық тіледі.

Сонымен қатар, Айқап-Түркістан шағынауданында кәріз желілері құрылысының аяқталу барысы қаралып, Нұртас және Ұлағат тұрғын алаптарындағы су бұру жүйелерінің қазіргі жағдайы тексерілді. Нұртас шағынауданында сапа талаптарының сақталмауы салдарынан асфальт жабынының отыруы анықталып, мердігер ұйымға жол учаскелерін қалпына келтіру бойынша нақты тапсырма берілді.

Ұлағат тұрғын алабында қосымша су бұру желісін тарту және оны қысқа мерзімде пайдалануға беру міндеті жүктелді. Ал Айқап-Түркістан шағынауданында кәріз желілерін іске қосу келесі аптаға жоспарланған.
Қала әкімі Күншығыс шағынауданында жеке инвестиция есебінен жүзеге асырылып жатқан коммерциялық үлгідегі аялдама кешендерін орнату жобасымен танысты. Аталған жоба қоғамдық көлік жолаушылары үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Аялдама кешендері күту алаңдарымен қатар, коммерциялық нысандарды да қамтып, қалалық ортаның жайлылығын арттыруға, көлік қызметінің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, қалалық диагностикалық орталық ғимаратын қайта жаңғырту және кеңейту жұмыстарының барысы зерделенді. Құрылыс басқармасына нысанның сапалы әрі белгіленген мерзімде пайдалануға берілуін қамтамасыз ету тапсырылды. Бұл өз кезегінде тұрғындарға медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді.
Аралау қорытындысында Ғ. Іляев, А. Байтұрсынов, С. Шаймерденов көшелері мен Тәуке хан даңғылының санитарлық жағдайы тексерілді. Жауапты мекемелерге анықталған кемшіліктерді жедел жою, аумақты тазалау және қоқыс шығару жұмыстарын күшейту бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

“180 000 ТЕҢГЕ АЛАДЫ”: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ЖЕҢІЛДІКПЕН ИПОТЕКА БЕРУ ҰСЫНЫЛДЫ

AdiletTV

Шымкент қаласы: 2024 жылдың 9 ай қорытындысымен келтірілген шығын соммасы 690 млн теңгені құрайды

AdiletTV

Шымкентте бюджет дербестігі артып келеді: халықтың қажеттіліктеріне бағытталған нақты қадамдар

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз