12.3 C
Shymkent
16 марта, 2026
adilettv

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУЛЫҚ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Түркістан облысындағы Кентау көпсалалы колледжінің студенті халықаралық байқауда жүлделі орын иеленді. Колледждің «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандығының 2-курс студенті Рысхан Ақмарал Венгрия астанасы Будапешт қаласында өткен халықаралық жарыста III орын алды.

▪️Байқау «Кескіндеме және сәндік жұмыстар» құзыреттілігі бойынша ұйымдастырылып, халықаралық достық кездесу аясында өтті. Оған Венгрия, Италия, Чехия, Қазақстан және Ұлыбритания елдерінің өкілдері қатысты. Жарыс барысында қатысушылар кәсіби шеберліктерін, шығармашылық қабілеттерін және дайындық деңгейін көрсетті. Рысхан Ақмарал теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, тапсырмаларды сапалы әрі уақытында орындап, сарапшылардың жоғары бағасына ие болды.
Возможно, это изображение учеба, больница и текст
▪️Айта кетейік, Ақмарал бұған дейін Түркістан облыстық чемпионатында осы құзыреттілік бойынша I орын алып, республикалық кезеңге жолдама алған еді. Сонымен қатар ол – «WorldSkills Kazakhstan – 2025» республикалық чемпионатының алтын медаль иегері және «RegionSkills 2024-2025» чемпионаттарының жеңімпазы. Қазіргі уақытта студент «WorldSkills Shanghai – 2026» халықаралық чемпионатына дайындық үстінде.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«ШЫМКЕНТТІ ДАМЫТУҒА ХАЛЫҚТЫҢ ҮЛЕСІ» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

AdiletTV

Шымкент қаласы: Есірткі қылмысының және нашақорлықтың салдары ескертілуде

AdiletTV

ҚАРАТАУ АУДАНЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМУЫ ТОЛЫҚҚАМТЫЛАДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз