4.3 C
Shymkent
2 марта, 2026
adilettv

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА ЕЛДІМЕКЕНДЕРДІ КӨГАЛДАНДЫРУҒА ТҰРҒЫНДАР БЕЛСЕНЕ АТСАЛЫСТЫ

«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында және «1 наурыз – Алғыс айту» күніне орай Мақтаарал ауданында ауқымды сенбілік өтті.

Іс-шара барысында республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының және каналдар мен арық-атыздардың бойында, саябақтар мен скверлерде, жалпы елді мекендердің ішкі-сыртқы аумақтары мен қоғамдық орындарды жаппай тазалық жұмыстары жүргізілді.

Бұл жолғы сенбілікке тұрғындар белсене қатысты. Мәселен, А.Қалыбеков ауылдық округіне қарасты Абат ауылы мен Бірлік ауылдық округіне қарасты Қоңырат ауылының тұрғындары арнайы жел телімдеріне өздерінің демеушілігімен моджевельник көшеттерін отырғызды. Сонымен қатар ауылдық округ әкімшіліктерінің және тұрғындардың демеушілігімен бұған дейінгі талдар егіліп қойған 3 км-ден астам аумақ арнайы қоршаулармен қоршалды.
Көктемгі ағаш отырғызу науқаны барлық округтерде жалғасты. Бүгінгі сенбіліктің өзінде жалпы саны 400 түп арша, 200 түп декаративный тұт ағашы, 50 түп клен және 300 түп қараағаш көшеттері егілді.
Тазалық шарасында көшелер мен жол жиектеріне бей-берекет тасталған қоқыстар жиналып, қураған ағаш бұтақтары кесілді және ағаш түптері әктелді. Жалпы 2 мыңға жуық адам қатысқан сенбілікте 12 дана техника арқылы 9 тонна қоқыс шығарылды.
Айта кетейік, «Таза Қазақстан» акциясының негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау және отансүйгіштік құндылықтарды дәріптеу. Аталған бастама «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты негізінде жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРЛЕРІНДЕГІ ӨТКЕН АПТАДА ТІРКЕЛГЕН РЕСМИ ТЕРІСКЕ ШЫҒАРУЛАРҒА ШОЛУ

AdiletTV

АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ: 260-ТАН АСТАМ ӨТІНІШ ҚАРАЛДЫ

AdiletTV

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ: ҚАЛАНЫҢ БАРЛЫҚ LED ЭКРАНДАРЫНДА КҮНІНЕ 300 РЕТ «ТОҚТА, ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚ!» ТАҚЫРЫБЫНДА БЕЙНЕРОЛИКТЕР КӨРСЕТІЛУДЕ.

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз