Түркістан облысында бой көтеріп жатқан әрбір нысанның сәулеті мен сапасына ерекше мән беріледі. Әлеуметтік нысандардың сәулеттік жобасы арнайы штаб отырысында тұрақты қаралуда.
Бүгін кезекті рет Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен сәулетттік жобалар бойынша штаб отырыс өтті. Күн тәртібінде Ордабасы ауданындағы Төрткөл елді мекенін абаттандыру, Түркістан облысындағы әлеуметтік нысандардың қасбетін жаңғырту және облыстық филармония ғимаратының жобасы қаралды.


Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
