Наурызнама онкүндігі аясында Түркістан облысының аудан, қалаларында Ұлттық киім күні жоғары деңгейде өткізілді. Мемлекеттік және өзге де мекеме қызметкерлері ұлттық киім кисе, ұлттық киімді дәріптеген мазмұнды іс-шаралар да ұйымдастырылды. Солардың бірқатарына тоқталсақ, Шардара ауданында Наурыз мерекесіне орай Ұлттық киім күні аясында «Өмірге сән сыйлаған аналар» тақырыбында өнегелі жиын өтті.
Іс-шараны Шардара ауданы әкімдігінің «Қасиет» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының мамандары мен «Қазақ аналары – Дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалы бірлесе үйлестірді.


