Түркістан облысында өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен спортты дамытуға қолайлы жағдай жасалып келеді. Осы арқылы ауыл-аймақтардан чемпиондар шығып жатыр.
Мектеп басшысы Нұрлан Айтмурзаев чемпиондар мен жүлдегерлерді арнайы қабылдап, жетістіктерімен құттықтады.

Кездесу барысында мектеп директоры жас спортшылардың ел намысын абыроймен қорғап жүргеніне ризашылығын білдіріп, алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, жеңісті жолдарын жалғастыра берулеріне тілектестік білдірді. Сондай-ақ жаттықтырушылардың еңбегі ерекше екенін айтып, шәкірттердің жетістігі ұстаздарының кәсіби шеберлігі мен тынымсыз еңбегінің нәтижесі екенін атап өтті.

