0.3 C
Shymkent
13 марта, 2026
adilettv

ТҮРКІСТАНДА «NAURYZ SALE» МЕРЕКЕЛІК АКЦИЯСЫ ӨТУДЕ

Наурыз мерекесіне орай Қазақстанда 13-23 наурыз аралығында ауқымды республикалық «Nauryz Sale» акциясы өтеді. Науқан отандық тауар өндірушілерді қолдауға, азық-түлік және азық-түлік емес тауарларға жеңілдіктер қарастыруға, сондай-ақ олардың халық үшін қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Возможно, это изображение фрукт и текст
▪️Түркістан облысы бойынша акцияға «Turan mall», «Khanshaiym Plaza», «Karavan saray» сауда және ойын-сауық орталықтары мен «Molshylyk», «Дастархан», «Бәйтерек», «Halyk» сауда желілері қатысуда. Акция аясында аталған сауда нысандарында азық-түлік және азық-түлік емес тауарларға 10-25% аралығында жеңілдіктер қарастырылған.
▪️Айта кетейік, ҚР Сауда және интеграция министрлігі Қазақстанның сауда субъектілері арасында «Sauda in Digital Nauryz» республикалық конкурсының өткізілетінін жариялаған болатын. Конкурс 2026 жылдың 13-20 наурыз аралығында өтеді және сауда нысандарын мерекелік безендіруде заманауи цифрлық шешімдерді енгізуге, сондай-ақ инновация сервистерін дамытуға бағытталған.
▪️Қатысушылар өз жобаларын төрт номинация бойынша ұсына алады: «Үздік цифрлық безендіру», «Үздік цифрлық құттықтау», «Жасанды интеллектті үздік пайдалану» және «Ең креативті Digital-жоба». Қатысу үшін Instagram әлеуметтік желісінде #saudadigitalnauryz хештегімен бейнеролик жариялап, Сауда және интеграция министрлігінің ресми парақшасын белгілеу қажет.
Возможно, это изображение текст
▪️Жеңімпаздарды креатив, жасанды интеллект технологияларын қолдану, ұлттық бірегейлік, аудиторияның белсенділігі және жобаның орындалу сапасы критерийлері бойынша сараптама комиссиясы анықтайды. Конкурс қорытындысы 2026 жылғы 20 наурызда шығарылып, жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

г. Шымкент: на семинаре-совещании по интернет-мошенничеству даны ответы на вопросы!

AdiletTV

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ WORLD BOXING ПРЕЗИДЕНТІ ГЕННАДИЙ ГОЛОВКИНДІ ҚАБЫЛДАДЫ

AdiletTV

Құны 17 миллиард доллардан асатын келісімдер және көпжоспарлы кеңейтілген стратегиялық серіктестік: Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамптың Ақ үйдегі кездесуінің нәтижелері

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз