5.3 C
Shymkent
3 марта, 2026
adilettv

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: АРЫСТА МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА 1500 ТҮП АҒАШ КӨШЕТІ ЕГІЛДІ

Арыс қаласында Алғыс айту күні қарсаңында ерекше тазалық пен абаттандыру шарасы өтті. Мерекелік күн аясында Арыс-Шардара айналма тас жолының бойына 1500 түп ағаш көшеті отырғызылды.
Бұл бастама қаланың экологиялық жағдайын жақсарту және «жасыл белдеу» аумағын кеңейту мақсатында жүзеге асырылуда. Егілген жас дарақтардың барлығы — жергілікті климатқа бейімделген, қалалық тұқымбақта арнайы өсірілген қара тал мен сабын талдары.
«Жасыл Арыс» КММ-нің Өндіріс бойынша директордың орынбасары Ақнұр Садықованың айтуынша, биылғы көктемгі маусымда қала аумағында жалпы саны 6000 түп ағаш отырғызу жоспарланған.
Ағаш егумен қатар, қаланың эстетикалық келбетін жақсарту жұмыстары да қатар жүруде. Соның ішінде Арысқа кірме жол бойына, теміржол үсті аспалы көпірге және орталық алаңға көпжылдық раушан гүлдері отырғызылуда. Бұл шаралар шаһардың сәулетіне көрік қосып, тұрғындардың жайлы демалыс аймағын қалыптастыруға бағытталған.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ДЕПУТАТ ЕЛНҰР БЕЙСЕНБАЕВ ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

AdiletTV

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: «ЖЕДЕЛ ДАМУ ЖОЛЫНА ТҮСКЕН АЛАТАУ ҚАЛАСЫ ЖАҢА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КЕЗЕҢНІҢ НЕГІЗГІ ЖОБАСЫ БОЛУҒА ТИІС»

AdiletTV

Шымкент қаласы: Қаратау АПБ жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 446 адам зәбір көріп, полициядан көмек сұраған.

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз