Қоғам Өңір Соңғы жаңалықтар

TIMSS-2023 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРІ БОЙЫНША ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ- МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Шымкент қаласы Білім басқармасының Әдістемелік орталығының 2022 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес «TIMSS-2023 Халықаралық зерттеулері бойынша оқушылардың жаратылыстану- математикалық сауаттылық дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында мектеп үйлестірушілеріне арналған тәжірибелік семинары өтті.

Семинардың мақсаты: Әр түрлі елдердегі 4 және 8 сынып оқушыларының жаратылыстану- математикалық бағытындағы пәндерден білім сапасын салыстырмалы бағалайтын халықаралық зерттеулерге дайындық жұмыстарын жоспарлау, терең ойластыру мен құрастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар беру.

«Жаратылыстану – математикалық пәндер» бөлімінің әдіскері Мадина Салибекованың ұйымдастыруымен өткен семинар барысында «TIMSS Халықаралық зерттеулері» тұрақты төрт жылда қайталанып отыратындығы, білім алушылардың оқу барысында әлемдік білім беру кеңістігімен бірігуі, оқушыны жаратылыстану- математикалық сауаттылығының қалыптасу құзыреттілігіне жетелеу, алған білімдері мен тәжірибелерін күнделікті өмірде қолдана білуге бағыт-бағдар берілетіні жайлы айтылды.

А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназия базасында өткен аталған шараға білім басқармасына қарасты барлық білім беру ұйымдарының мектеп үйлестірушілері мен физика пән мұғалімдері қатысты.

Семинар соңында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, ұсыныс, пікірлерін білдірді.

Сонымен қатар, Шымкент қаласы Білім басқармасы Әдістемелік орталығының 2022 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес  әдіскер М.Ш.Салибекова ҚР Оқу – ағарту министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілген нормативтік құжаттарымен таныстыру мақсатында «Оқу – тәрбие процесіндегі физика пәнінен үлгілік оқу жоспарлары» тақырыбында түсіндірме ақпараттық семинар өтті.

Іс-шара барысында физика пәнінен қазақ, орыс, өзбек (7-9 сыныптарына төмендетілген оқу жүктемесімен 1 сағаттан қосылды) тілдерінде сабақ жүргізілетін үлгілік оқу жоспарымен, нормативтік-құжаттарымен таныстырып, күнтізбелік тақырыптық жоспарды реттеу қажеттілгіне кеңестер мен ұсынымдар берілді.

А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназия базасында өткен аталған шараға Білім басқармасына қарасты барлық білім беру мекемелерінің директор орынбасарлары, мектеп үйлестірушілері мен физика пәні мұғалімдері қатысты.

Қатысты жазбалар

ШЫМКЕНТ: ПЕДАГОГТАР САНЫ 31800-ДЕН АСАДЫ

admin

ШАЛҒАЙ АУДАНДАРҒА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖЕТКІЗІЛУДЕ

admin

Алматыда көлік жүргізушісі ЖКО салдарынан қаза тапты

AdiletTV

Пікір қалдыру