9.3 C
Shymkent
3 марта, 2026
adilettv

ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОПТЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ МЕН БЕС ҚАТЫСУШЫСЫ ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

ҚМА Павлодар облысы бойынша департаменті Алматы қаласы мен Павлодар облысы аумағында электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді) заңсыз айналымға шығарумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде.

Қолданыстағы заңнамамен тыйым салынғанына қарамастан, күдікті тұрақты табыс табу мақсатында вейптерді сатудың жүйелі әрі тұрақты схемасын ұйымдастырған.

Заңсыз әрекетті жасыру мақсатында дүкендер желісі қайта аталып, ресми түрде кальян өнімдерін сатуға бағытталғандай көрсетілген. Алайда іс жүзінде электрондық тұтыну құрылғылары мен олардың қосалқы бөлшектері сатылған.

Тыйым салынған өнімдер «Telegram» мессенджері арқылы да өткізіліп, курьерлік жеткізу қызметі пайдаланылған.

Құпиялылықты сақтау үшін жалға алынған орынжайлар, сенімді адамдар және мессенджерлердегі шифрланған байланыс арналары қолданылған.

Заңсыз саудадан түскен қаражат қолма-қол түрде де, жеке кәсіпкерлердің банк шоттары арқылы да жиналып, кейін қылмыстық топ мүшелері арасында бөлінген.

Тінту барысында жалпы құны 711 млн теңгеден асатын 131 мыңнан астам вейп тәркіленді.

Өнімдерді өткізу негізінен жастарға, соның ішінде кәмелетке толмаған мектеп оқушылары мен студенттерге бағытталған. Бұл олардың денсаулығына тікелей қауіп төндірген.

Күдікті әшкереленіп, бұлтартпау шарасы қолданылғанына қарамастан, байланысы бар тұлғалар арқылы және қосымша жасырыну шараларын пайдаланып, топтың қызметін үйлестіруді жалғастырған.

Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа 4 автокөлік пен Алматы қаласындағы элиталық тұрғын үй кешенінен 4 бөлмелі пәтер сатып алынғанАталған мүлікке тәркілеу мақсатында тыйым салынды.

Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы мен бес қатысушысы қамауға алынды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкент қаласы: Тәжірибелік фармацияның өзекті мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті

AdiletTV

Nappa.kz ЖШС: 400 млн теңге инвестициясы және жылдық 200 мың жұп аяқ киім өндірісі бойынша статистикалық шолу

AdiletTV

Қазақстан уақыт жағынан Мальдив пен Амстердаммен тең болады

Пікір қалдырыңыз