adilettv

ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРГЕ ӘЛЕУМЕТТІК-МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ҮШІН ПАНСИОНАТ АШЫЛДЫ

Абай облысында әлеуметтік-медициналық қолдауға мұқтаж жүкті әйелдерге арналған пансионат ашылды. Жаңа нысан ҚР Президентінің ана мен бала денсаулығын сақтау жүйесін нығайту және шалғай өңірлердегі әйелдерге медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде құрылды.
Пансионат облыстық перинаталдық орталықтың базасында орналасқан және 20 төсекке есептелген. Мұнда ауылдық жерлерден келген болашақ аналар жайлы жағдайда уақытша тұруға, қажетті зерттеп-қараулардан, дәрігерлердің консультацияларынан, сондай-ақ мамандардың тұрақты бақылауымен босануға дайындықтан өтуге мүмкіндік алады. Пансионат құрудың мақсаты — шалғайдағы және жету қиын елді мекендердегі әйелдердің жүктілік және босану қауіпсіздігін қамтамасыз ету, асқыну қаупін, сондай-ақ ана мен бала өлімінің деңгейін төмендету.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

МӘЖІЛІСМЕНДЕР ҚҰНЫ 650 МЛН ДОЛЛАРЛЫҚ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ ЖОБАСЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

AdiletTV

ШЫМКЕНТТЕ ӨҢІРЛЕРДІҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

AdiletTV

“BARAKAT INVEST” Шымкентте жаңа зауыт салмақ: өңір экономикасына әсері

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз