14.3 C
Shymkent
4 октября, 2024
adilettv

ШЫМКЕНТ: БИЫЛ ҚАЛАҒА 200 МЫҢ ТҮП АҒАШ КӨШЕТТЕРІ ЕГІЛЕДІ

Шымкент қаласының аумағындағы жалпы ұзындығы 891 шақырымды құрайтын 443 орталық көшелерді санитарлық тазалау, көгалдандыру және күтіп-ұстау жұмыстары биылғы жылдың наурыз айынан бастап аудан әкімдіктерінен Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасынның міндетіне өткен.
Биылғы жылдағы тағы бір өзгеріс, енді қала көшелеріндегі әрбір көшет, әр ағаш есептік тізімге алынып, оған паспорт жасалады. Сондай-ақ, мегаполис көшелеріне тал-дарақтарды жаңадан егіп, оны күтіп ұстау үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жүйесі жүзеге асады. Ағаш түрлері мен нақты санын айқындау мақсатында жаңа технологиялар мен білікті мамандардан құралған топ құрылып, қала аумағындағы барлық жасыл екпелерге түгендеу, паспортизациялау бағдарламасы да әзірленуде.

Бағдарлама артықшылықтарына тоқталатын болсақ, әр талдың түрі, биіктігі, жас мөлшері, қазіргі жағдайы және орналасқан орны бойынша мәлімет енгізілетін болады.
Осы арқылы құрылысы жүргізілетін инфрақұрылым объектілері мен күрделі құрылыс нысандарын жүргізу барысында ағаштардың бей-берекет кесілуіне жол берілмейді.
Қазір әр ауданның мемлекеттік-жекеше әріптестері анықталып, қала аумағында жұмыстар қарқынды түрде ұйымдастырылуда. МЖӘ аясында, тұрақты 2400-ге жуық жұмыс орындары ашылып, қаланың санитарлық тазалығын қамту, көше жуу, қар күреу сынды жұмыстарға жаңа арнайы 150 техника тартылатын болады.
Сондай-ақ, жоба аясында жасыл екпелерді суару жұмыстарын жандандыру мақсатында 440 су ұңғымасы пайдалануға беріледі.

Гүл егу жұмыстарына тоқталсақ, 2023 жылы қаланың көрікті жерлеріне 1 млн. тал қызғалдақ егілген. Ал жазғы маусымға біржылдық әсем гүлдер саны 750 мыңға жетіп отыр. Сонымен қатар, күз айларында гүлдейтін көпжылдық 100 мың түп гүл – қаланың орталық көшелері мен гүлзарларына егіледі.
Жалпы бүгінгі көрсеткішке келсек, қала аумағында 1 млн 750 мың түп гүл егілген.

Қаламыздың символына айналған қызғалдақ гүлдерінің санын 2024 жылдан бастап әр жылы 500 мың түпке дейін арттыру жоспарланып отыр. Биыл 200 мың түп ағаш көшеттері егіледі. Оның ішінде 110 мыңға жуығы мемлекеттік-жекеше әріптестік аясында болса, қалған 90 мың бөлігі демеушілік және жаппай сенбіліктер өткізу арқылы егіледі.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

город Шымкент: полицейские провели мероприятие по профилактике бытового насилия

AdiletTV

Jusan Bank Қазақстанға қайтарылды

Шымкент қаласы: Оңтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжде “ Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан жобасы “бойынша кездесу өтті.

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз