5.3 C
Shymkent
10 ноября, 2024
adilettv

ШЫМКЕНТ: 300-ДЕН АСА ТҰРҒЫННЫҢ МӘСЕЛЕСІ ТЫҢДАЛДЫ

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтеновтің азаматтарды бірыңғай қабылдауы “Көрме” орталығында кезекті рет өтуде. Қаланың прокуратура, полиция өкілдері, әкім орынбасарлары, аудан әкімдері мен басқарма басшылары азаматтардың өтініштерін тыңдап, шешу жолдарын қарастырды. Мұрат Дүйсенбекұлы тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселені жеке тыңдап, жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді.

Қабылдауға келген 300-ден астам азамат түрлі салаға қатысты талап-тілектерін жеткізді. Халықтан түскен сұрақтардың басым бөлігі тұрғын үймен қамту, жол, жарық, ауыз су, тағы да басқа әлеуметтік және жеке мәселелерге қатысты болды. Тұрғындарды алаңдатқан мәселелердің басым көпшілігі тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жер мәселесі, жол және инфрақұрылым, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларына қатысты ауқымды сұрақтарды қамтыды. Сонымен қатар жаңа оқу жылының аяқталуына орай балалардың жазғы каникулын тиімді ұйымдастыруға қатысты өтініштер де жиі түсті.

Азаматтардың кей талап-тілектері қабылдау кезінде шешімін тапты. Басқа да ұсыныстар мен талап-тілектер хаттама негізінде назарға алынып, заң аясында тиісті шешімдер қабылданатын болады.

Сондай-ақ қабылдауға келген тұрғындарға жұмыспен қамту шараларына, баспанамен қамтуға, кәсіпкерлікке қатысты түрлі мемлекеттік бағдарламалардың шарттары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Тұрғындар арасында қаланың дамуына қатысты ұсыныс, жобаларын таныстырған белсенділер де болды. Қала әкімі мегаполистің тыныс-тіршілігіне бей-жай қарай алмайтын азаматтарға ризашылығын білдіріп, қолдау көрсетті.

Көтерілген барлық мәселе қала әкімінің тікелей бақылауында. Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға халықпен кері байланыс орнатып, туындаған мәселелерді шұғыл шешу бойынша тапсырмалар жүктеді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Даурен Абаев назначен чрезвычайным и полномочным послом Казахстана в России

Шымкент қаласы: Сыбайлас жемқорлық пен интернет алаяқтықтың алдын алу мәселелері қаралды

AdiletTV

Нашақорлықпен күресуге коммуналдық қызметкерлер тартылды

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз