14.3 C
Shymkent
4 октября, 2024
adilettv

Jusan Bank Қазақстанға қайтарылды

ASPAN.INFO. Бұл туралы Әділет министрлігі мәлім етті, деп жазады ulysmedia.kz

«2021 жылы жоспарланған іс-қимылдардың нәтижесінде Jusan Bank және телекоммуникация, ауыл шаруашылығы және өзге де салалардың бірқатар басқа да ірі активтерін қамтитын Jusan тобы шетелдік юрисдикцияға шығарылғаны белгілі. Қазақстан үкіметі іс жүзінде топқа бақылауды жоғалтты. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп қабылдаған шаралардың нәтижесінде Jusan тобын қазақстандық юрисдикцияға қайтару мүмкіндігі туды», — делінген хабарламада.

Ведомство қажетті құжаттарға қол қойылғанын атап өтті.

«Топ Қазақстан заңнамасына сәйкес, Үкіметтің және басқа да мемлекеттік құрылымдардың бақылауымен жұмыс істейтін болады. Jusan Bank қазақстандық білім беру ұйымдарын қаржыландыруды жалғастыру бойынша міндеттемелерді өзіне алды. Банк бұрын алған мемлекеттік көмек мерзімінен бұрын қайтарылады. Мемлекет басшысының шығарылған активтерді қайтару туралы тапсырмаларын іске асыру жалғасады», — деп мәлім етті министрлік.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін АҚШ-тың Jysan Holding, LLC корпорациясы («Jysan Holding») және оның ағылшындық еншілес компаниясы Jusan Technologies, Ltd 16 ақпанда Невада штатының федералды аудандық сотына Қазақстанға қарсы талап арыз берген болатын. Құрылымдар Қазақстан үкіметін компанияның құны 1,5 млрд доллардан асатын қазақстандық активтеріне бақылауды өз қолына алу мақсатында қорқыту науқанын жүргізді деп айыптады. Алайда ел билігі талап арыз туралы ешқандай құжат алмағанын мәлім етті.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Орталық Азия ренессансы: орнықты даму және өркендеу жолы

AdiletTV

Шымкент қаласы: Еңбек адамы- Абдуллаевтар жанұясы.

AdiletTV

«Бәрі тапсырыспен жасалған»: Мұхамедиұлының ұлы оған қарсы іс ойдан шығарылғанын айтты

Пікір қалдырыңыз