Жаңалықтар Қоғам

Түркістан облысында бірнеше мешітке ұрлыққа түсті деген күдікпен жігіт ұсталды

Облыс полицейлері криминалистикалық әдістердің көмегімен Келес
және Сарыағаш аудандарындағы мешіттерге ұрлыққа түскен күдіктіні
анықтады.
Мәселен, бірінші факті бойынша Келес ауданының мешітінде күдікті
садақа жәшігінен 60 мың теңгені, ал екінші факті бойынша Сарыағаш
ауданы мешіт имамының қызметтік бөлмесіндегі сейфте тұрған, яғни
қайырымдылыққа жиналған 270 мың теңгені ұрлап кеткен.
Жедел уәкілдер күдіктінің орналасқан жерін анықтап, нәтижесінде
Сарыағаш ауданы Тасқұдық ауылының тұрғынын ұстады. Бүгінгі таңда
жігіт қамауда, тергеу жалғасуда.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қазақстандыққа YouTube ролигі үшін 664 мың теңге айыппұл салынды

Атырауда жағымсыз иістің себебін мамандар анықтады

admin

Қазақтардың 20 миллиард теңгесі есептен шығарылады

Пікір қалдырыңыз