Жаңалықтар Қоғам

Синоптиктер Алматы мен Астана тұрғындарына ескерту жасады

Қазгидрометте Алматы, Астана және тағы екі қала тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туралы ескертілді, деп хабарлайды Aspan.info
«2024 жылғы 18 наурызда Павлодар, Қарағанды, Алматы, Астана қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілуде», — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар атмосфералық ауаның жер бетіндегі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныштық, әлсіз жел, тұман, инверсия) үйлесімі болып табылады. Синоптиктер сондай-ақ 18 наурызда Қазақстан аумағы бойынша синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын ұсынды.
«ҚР-ның көп бөлігінде жоғары атмосфералық қысым алаңының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталып отыр. Елдің батысында, оңтүстігінде ғана атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты күтілуде, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. ҚР бойынша тұман, желдің күшеюі, батыста көктайғақ, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады «, — деп хабарлады метеорологтар.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Алматыда Медеуге жаңа автобустар шығарылды

admin

Қарағанды облысының дәрігерлеріне жаңа пәтерлердің кілті табысталды

admin

«Оқушы қызды дозадан асып кеткендіктен жедел жәрдем алып кетті»: Алматы әкімдігі ақпаратқа жауап берді

admin

Пікір қалдырыңыз