29.3 C
Shymkent
Шілде 12, 2024
Жаңалықтар Қоғам Түркістан

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ШЕТЕЛДІК ЖУРНАЛИСТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Киелі мекеннің туризмін насихаттауға 14 елден 20-ға жуық БАҚ өкілдері арнайы келді. Делегация құрамында Әзірбайжан, Германия, Испания, Корея Республикасы, ҚХР, Қырғызстан, Марокко, Өзбекстан, Польша, Сербия, Сингапур, Үндістан, Франция, Щвеция елдерінің журналистері бар. Aspan.info Түркістан облысы әкімінің баспасөз сілтемесімен хабарлайды.
Бүгін бір топ шетелдік журналистер «Армысың, әз-Наурыз!» мерекелік іс-шарасына қатысты. Халқымыздың мәдениетімен танысып, қазақ дастарханынан дәм татты. Шара аясында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды шетелдік журналистер мен блогерлермен кездесті.
Басқосуда сөз алған өңір басшысы Дархан Сатыбалды Түркістан қаласының өткен тарихы мен аймақтың дамуы жөнінде айтып, облыстың жетістіктерін, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін баяндады. Алдағы уақытта жүзеге асырылатын жобалар мен облысты дамыту жөніндегі ойлары мен жоспарларын жеткізді.
Кездесуде журналистер өз әсерлерін айтып, өңір туралы сұрақтар қойып, еркін форматта пікірлесті.
Өңір басшысы облысқа қызығушылық танытқан қонақтарға алғыс айтып, естелік сыйлықтар табыс етті.
Айта кетейік, Наурыз мейрамы қарсаңында қазақтың мәдениеті мен салт-дәстүрін, көрнекті жерлерін кеңінен танытуға басымдық берілуде. Осы мақсатта Сыртқы істер министрлігінің ұйымдастыруымен, Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен 21-22 наурыз аралығында шетелдік БАҚ өкілдеріне баспасөз турын ұйымдастыру жоспарланған болатын. Делегация 20-21 наурыз күндері Арыстан баб және Қожа Ахмет Ясауи кесенелері, Отырар қалашығы, «Сапар» орталығы, «Аппақ Ишан» тарихи кешені, Ақмешіт үңгірі, «Керуен сарай» кешенін аралады. Сапар барысында 8D форматындағы «Алтын Самұрық» ұшатын театрда Қазақстанға виртуалды саяхат жасады. «Керуен сарайдағы» айдында «Қыз Жібек пен Төлеген» этникалық қойылымын тамашалады. Одан бөлек, «Ұлы дала елі» орталығы мен «Фараб» кітапханасына экскурсия жасады. Тарихи қалпы сақталған, ерекше аймақ екенін айтып, таңданыстарын жасырмауда.
Үш күн бойы өңірдің тынысымен жан-жақты танысқан қонақтар бүгін Бәйдібек ауданына барып, тылсымға толы Ақмешіт үңгірін аралайды.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Ақтөбеде төтенше жағдай режімі енгізілді

admin

Бишімбаев соты кейінге шегерілді: айыпталушылар сот залына әкелінбеген

AdiletTV

Астанада және бірқатар облыстарда дауылды ескерту жарияланды

Пікір қалдырыңыз