15.9 C
Shymkent
7 октября, 2024
Жаңалықтар Қоғам

«Наурыз базары»: бірінші күні елордада шығыс жәрмеңкесіне 30 мың адам келді

Астанада EXPO халықаралық көрме орталығында «Наурыз базары» атты шығыс жәрмеңкесі ашылды. Алғашқы күні шараға рекордтық 30 мың адам қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жәрмеңкеге Түркия, Иран, Әзірбайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Татарстан және Башқұртстан сияқты елдерден 50-ден астам қолөнер шеберлері қатысты.

Жәрмеңкеде қазақстандық тауар өндірушілердің азық-түлік өнімдері ерекше сұранысқа ие болды. Келушілер үшін «даладан сөреге дейін» қағидаты бойынша жаңа өнімдер қолжетімді. Ел өңірлерінің фермерлері азық-түлік жәрмеңкесіне 200 тоннадан астам өнім, соның ішінде ет және сүт өнімдері, көкөністер мен жемістер, бал және т.б. әкелді.

Сондай-ақ, шығыс жәрмеңкесінде шығыс асханасының гастрофестивалі ашылды, онда елорда тұрғындары мен қонақтары жәрмеңкенің алғашқы күні 1,5 тоннадан астам палау мен 500 литр Наурыз көже дайындады.

Жәрмеңке 22 және 23 наурыз күндері сағат 09: 00-18: 00 аралығында жалғасады.

Еске салайық, биыл елордада Наурыз мерекесі қаланың бес ауданында, соның ішінде тұрғын алаптарында барлық ашық алаңдарда өткізіледі. Барлық бес нүктеде киіз үйлер орнатылды, онда жәрмеңкелер өтіп, қазақтың ұлттық тағамдары қойылды. Алаңдарда қазақстандық эстрада жұлдыздары, қалалық ұжымдар өнер көрсетеді. Олардың қатарында Ұлықпан Жолдасов, «Заман» тобы, Әділет Жауғашар, Ауқа, Бейбіт Қорған, Қанат Үмбетов, Абай Бегей, Әлішер Кәрімов және басқалары бар. Іс-шараға көрші елдерден келген аспазшылардан басқа Тәжікстан мен Иран елшіліктері қатысты.

Наурыз мерекесі аясында елордада 200-ге жуық іс-шара өтуде. Қала тұрғындары концерттерді, мерекелік бағдарламаларды, көрмелерді, қойылымдарды, ұлттық спорт түрлерінен спорттық жарыстарды, халықтық серуендерді тамашалай алады. Ашық ауада түрлі-түсті фотоаймақтар, алтыбақандар ұйымдастырылған. Наурыз мерекесіне арналған спорттық жарыстар 21-22 наурыз аралығында қаланың барлық аудандарында өткізіледі.

Бүгінгі күні қазақ күресі, қой көтеру, арқан тарту, армрестлинг, гір көтеру және асық ату сияқты қазақ ұлттық ойындарынсыз бірде-бір бұқаралық мереке өтпейді. Жарысқа қаланың түрлі аудандарында мыңдаған елорда тұрғындары мен қонақтары қатысуда. Жеңімпаздар естелік сыйлықтарға ие болады. Сондай-ақ, биылғы жылдан бастап Қазақстанда Наурыз 10 күн атап өтіледі. Наурызнама онкүндігінің әр күнінің мейірімділік, руханият, ынтымақ, жасампаздық, жаңару және тағы басқаларды бейнелейтін өзіндік маңызы бар.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«Біз сені жақсы көретінімізді ұмытпа». Шығыс Қазақстан облысының әкімі әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтады

admin

Тоқаев Әзербайжанға мемлекеттік сапармен барады

admin

Астанада бір күн бұрын жол жөндеушімен болған оқиғаға полиция әрекет етті.

Пікір қалдырыңыз