21.3 C
Shymkent
21 июля, 2024
Жаңалықтар Қоғам Шымкент

ШЫМКЕНТ: ЖӘРМЕҢКЕДЕ ӨНІМ 15-20 ПАЙЫЗҒА АРЗАН САТЫЛДЫ

Сенбінің таңы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда халықтың кезегімен басталды. Мұнда халық әдеттегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне жиналған. Қала тұрғындары сапалы, табиғи, балғын өнімдерді базар нарқынан арзан бағаға алуға асығуда.
Жәрмеңкеде ет, сүт, балық өнімдері, көкөністер мен дәнді дақылдар сатылады.
-Апта сайын жергілікті тауар өндірушілер мен шаруа қожалықтарының және көтерме сауда қызметімен айналысатын кәсіпкерлердің қатысуымен қаланың 8 жерінде азық-түлік жәрмеңкелері тұрақты ұйымдастырылып тұрады.
Аталған жәрмеңкеге 300-ден астам кәсіпкер көрші облыстың барлық аудандарынан келіп қатысады. 170-180 тоннаға жуық азық-түлік тауарлары сатылады. Қала әкімдігінің қолдауымен өтетін жәрмеңкенің мақсаты шаруа қожалықтарын, өндіруші кәсіпкерлерді қолдау және қала халқына делдалсыз көтерме бағада тауар ұсыну. Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар тауар бағасын тұрақтандыру мақсатында да қадағалап отырамыз, — дейді Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Жандос Мұсабекұлы.
Жәрмеңкеде өнімдерін саудалаушыларға тұратын орын тегін берілген және қажетті жабдықтармен толық қамтылған.
— Осы жәрмеңкеге келіп жүргенімізге 15 жылдан асты. Халық та үйренген. Тұрақты сатып алушыларымыз бар. Жалпы халық көп келеді, соған қарай сауда да жақсы. Жәрмеңке соңына дейін 90 пайыз тауарымыз өтіп кетеді, — дейді Төлеби ауылынан сүт өнімдерін әкелген Гүлмира Маратқызы.
Айта кетейік, жәрмеңкеге, «Дәмді ет», «КазКомАгро» ЖШС, «Қайнар құс», «Мадина» макарон фабрикасы, «Нарлен» ЖШС, «Ордабасы құс» ЖШС, «Пионер» ЖШС, СПК «Алма», «Тассай құс» ЖШС, нан өнімдерін өндіруші ЖК «Темиршиков», «Шымкент құс» ЖШС, «Шұбар құс» ЖШС, «Delis natural» ЖШС, кондитер өнімдерін, ет және сүт өнімдерін өндіруші кәсіпкерлер, сонымен қатар, «Жібек жолы» базарындағы көтерме сауда қызметімен айналысатын көкөніс сататын кәсіпкерлер тұрақты түрде қатысып келеді.
Aspan.info Шымкент облысы әкімінің баспасөз сілтемесімен хабарлайды
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Алматыдағы жер сілкінісі: қандай жағдайда мемлекет тұрғын үйді жөндеуді өтейді

admin

«Сізді тұңғиыққа ұшып бара жатқандай сезінесіз». Алматыдағы люктермен не болып жатыр

Жылынып, жаңбыр жауады: Астанада және 10 облыста дауылды ескерту жарияланды

Пікір қалдырыңыз