27.3 C
Shymkent
4 июля, 2025
Әлем жаңалықтары Жаңалықтар Қоғам

Арменияда полиция учаскесіне жасалған шабуылдың себебін атады — БАҚ

Арменияның Ішкі істер министрлігі Нор-Норк ауданындағы полиция учаскесіне үш адамның шабуыл жасауының себептерін жариялады, Aspan.info тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасай отырып.

Армения ІІМ баспасөз хатшысы Нарек Саркисян шабуыл жасағандар премьер-министр Никол Пашинянның отставкасын талап еткенін мәлімдеді.

Сондай-ақ, шабуылдаушылардың екеуінің өз гранатасының жарылысынан жараланғаны хабарланды. Олардың аяқ-қолдары жараланған. Ер адамдар ауруханаға жеткізілді.

BlogNews.am порталының мәліметінше, үшінші шабуылдаушыны да ҰҚК қызметкерлері залалсыздандырды. Ұстау операциясы бейнеге түсірілді.

Естеріңізге сала кетсек, 24 наурызда Facebook пайдаланушысы Армине Мелконян өз бетінде бейнені жариялап, қарулы адамдардың Нор Норк ауданының полиция ғимаратына кіргенін хабарлады. Оның бейнесінен жарылыс дыбысы естіледі.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Астанада, Шымкентте және бірқатар облыстарда дауылды ескерту жарияланды

admin

Қазақтардың жұмыс аптасы қысқа болады

admin

Тоқаев скрипкашы Жәмилә Серкебаевамен кездесті

admin

Пікір қалдырыңыз