25.3 C
Shymkent
22 июля, 2024
Жаңалықтар Қоғам Түркістан

ДАРХАН САТЫБАЛДЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ

Түркістан өңірінің орталығы мен барлық аудан, қалаларында облыс басшысының ашық форматтағы жеке қабылдауы тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалды кезекті рет азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, өтініштерін тыңдады. Тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салды. Қабылдауға құқық қорғау органдарының және облыстық басқарма басшылары мен жауапты аудан, қала әкімдері де қатысып, мәселелердің оң шешімін табуына атсалысты. Өңір басшысы әр тұрғынның мәселесін мұқият тыңдап, оларды тиімді шешу жолдарын түсіндірді және жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берді. Облыс басшысының тікелей қабылдауына жазылғандардың өтініштері сан алуан. Басым көпшілігі әлеуметтік көмек, жер, субсидия сұрап келді. Атап айтқанда, Шардаралық тұрғын көктемгі егін жұмыстарына арналаған жеңілдетілген несиенің қол жетімсіздігін айтып, шағымданды. Мәселе жауапты басқарма тарапынан түсіндірілді. Сайрамнан келген азаматша жұмыс орнын ауыстыру мәселесіне көмек беруді сұрады. Белгілі болғандай, оған осыған дейін де бірнеше ұсыныс берілген. Қабылдаудан кейін жаңа ұсыныс бойынша таңдау жасайтынын айтып тарқасты. Қазығұрттық тұрғындар мектептегі күзет қызметінің жекеге өтуін көтерді. Сонымен қатар Қызылқия ауыл округі бойынша суғармалы жерлерге су тапшылығы мен ауданда жаңадан салынып жатқан құрылыс нысандарының сапасы туралы баяндады. Ордабасы ауданынан қабылдауға жазылушы құқық қорғау органдарына қатысты шағымын жеткізді. Облыс тұрғындары онлайн арқылы да байланысқа шығып, сауалдарын қойды. Тұрғындарды мұқият тыңдаған облыс әкімі әрбір мәселені жауапты тұлғалар жан-жақты зерттейтінін, шешімін тапқанша өз бақылауында болатынын жеткізді. Заңды жолдарын түсіндірді. Оңтайлы шешілуі үшін тиісті басқарма басшыларына тапсырма берді. Тұрғындар тарапынан түскен ұсыныс-пікірлер мен өтініштер хаттамаға енгізілді. Aspan.info Түркістан облысы әкімінің баспасөз сілтемесімен хабарлайды
 
 
 
 
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Алматыдағы жер сілкінісінің салдары: үйлердегі жарықтар мен әйнек сынықтарын кім жөндеуі керек

admin

Әлеммен жарыс: Halyk бизнеске уақыт талабына сай болуға қалай көмектеседі

admin

Түркістан облысында үш күн бойы іздестірілген үш жасар қыздың денесі табылды

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз