Жаңалықтар Қоғам Түркістан

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЖАСАНДЫ КӨЛДІҢ МАҢЫНДА КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗДЫ

Түркістан қаласында жасанды көл салынып жатыр. Бүгінде Түркі әлемінің туристік астанасында демалыс орындарының саны артып келеді. Соның бірі – «Жаңа қала» аумағындағы жасанды көлі бар дендросаябақтың құрылыс қарқыны жоғары. Дәлірек айтсақ, бүгінде облыс басшылығы тарапынан айтылған ескертпелер мен кемшіліктерді жою және көгалдандыру жұмыстары жүріп жатыр. Жобалаушы мекеме – «МПК Проект» ЖШС. Жалпы жер ауданы 12,7 гектарды құрайтын жасанды көлдің мердігері – «Павлодарский речной порт» ЖШС. Жаңадан салынып жатқан су айдынының сыйымдылығы 0,06 млн.м3. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жасанды көл маңында ағаш отырғызып, көгалдандыру шарасына қолдау білдірді. Мердігерге жұмыстарды сапалы әрі өз уақытында аяқтауды тапсырды. Жасанды көлі бар саябақ Түркістандағы тартымды демалыс орындарының біріне айналмақ. 2021 жылы құрылыс басталған жасанды көлді биылғы мамыр айында аяқтап, қолданысқа енгізу жоспарлануда. Құрылыс алаңына 20-ға жуық адам мен 2 техника жұмылдырылған. Aspan.info Түркістан облысы әкімінің баспасөз сілтемесімен хабарлайды  
Бөлісу

Related posts

Гаитиде қарақшылар 4 мың тұтқынды түрмеден босатты

ШЫМКЕНТ: ЖӘРМЕҢКЕДЕ ӨНІМ 15-20 ПАЙЫЗҒА АРЗАН САТЫЛДЫ

admin

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

Leave a Comment