21.3 C
Shymkent
21 июля, 2024
Жаңалықтар Қоғам Түркістан

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ БОЙ КӨТЕРЕДІ

Түркістан облысында соңғы жылдары көпқабатты тұрғын үйлер салу қарқынды жүріп жатыр. Бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалды жаңадан салынып жатқан құрылыс жұмыстарын жаяу аралады. Салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің жағдайымен танысты. Құрылысына жауапты мердігер компаниялардың басшыларымен тілдесіп, бірқатар міндеттер жүктеді. Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығында 5,7,9,12 жəне 20 қабатты 60 тұрғын үй салу (5 қабатты тұрғын үйлер) жоспарланған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын «ЕвроРемонтСервис» ЖШС, «Жаңа арна құрылыс» ЖШС, «Symkent Build» ЖШС, «PANA QURYLYS GROUP» ЖШС, «OTAU GROUP» ЖШС жүргізіп жатыр. Биыл облыс көлемінде жалпы 114 көпқабатты тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр. Оның ішінде, 41 үй, 2820 пәтердің құрылысы мемлекеттік бюджет есебінен жүргізіліп жатыр. Ал 73 үй, 3611 пәтер жеке инвесторлар есебінен үйлестірілуде. Облыс бойынша 2023 жылы көпқабатты 87 үй пайдалануға қабылданды. Оның ішінде, мемлекеттік бюджет есебінен 57 үй, 3051 пәтер болса, ал жеке салушылар есебінен 30 үй, 300 пәтер тапсырылған. Жалпы 900 мың мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға беріліп, 3 мыңға жуық отбасы жаңа пәтерге ие болды. Сонымен қатар 55 тұрғын үй күрделі жөндеуден өткен. Aspan.info Түркістан облысы әкімінің баспасөз сілтемесімен хабарлайды
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Францияның элиталық жоғары оқу орнының директоры үйдегі зорлық-зомбылыққа байланысты отставкаға кетті

admin

БҰҰ басшысы Газамен шекараға барады

admin

Риддерде құтқарушылар шұңқырға құлаған итті алып шықты

Пікір қалдырыңыз