8.3 C
Shymkent
13 декабря, 2024
Жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ ТОҒЫЗЫНШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті тоғызыншы сессиясы өтті. Сессия жұмысының алдында мәслихат төрағасы облыстағы жаңа кадрлық тағайындауларды таныстырды. Сондай-ақ маңызды жиынға өңір басшысы Дархан Сатыбалды, әкімдік мүшелері, қала, аудан әкімдері мен мәслихат төрағалары сонымен қатар облыстың мемлекеттік органдарының басшылары, облыстық сайлау  комиссиясының төрағасы, облыстық қоғамдық ұйымдар төрағалары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сессия жұмысын облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов жүргізді. Күн тәртібінде 18 мәселе қаралды. Сессияда Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы мен дін істері басқармасы басшыларының, облыстық мәслихат төрағасы мен тұрақты комиссия төрағаларының есептері қаралды. Сондай-ақ жиын барысында сөз сөйлеген облыс әкімі елімізде болып жатқан бірқатар мәселелерге де тоқталып өтті.

Одан бөлек, кадрлық өзгерістерге байланысты Түркістан облысы әкімдігі жанындағы бірқатар комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізілді. Жалпы, сессия жұмысында қаралған мәселелер бойынша мәслихат депутаттары тиісті шешімдер қабылдайтынын жеткізді. Өз кезегінде облыс әкімі Дархан Сатыбалды сессия жұмысын қорытындылап, мәслихат жұмысына табыс тіледі.

Бөлісу

Related posts

Алматылықтар жер сілкінісі кезінде қараусыз қалған бомба қоймаларында тәртіп орнатуды сұрайды

admin

22 наурызда ұлттық киімді Петропавл тұрғындары автобустармен тегін жүре алады

admin

Жүргізушінің эмоциялық өтінішіне «ҚазАвтоЖол» АҚ жауап берді

admin

Leave a Comment