21.3 C
Shymkent
21 июля, 2024
Жаңалықтар

«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 297 НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛГЕН

2023 жылы Түркістан облысында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 166 елді мекенде 352 жоба іске асырылып, 31,3 млрд. теңге игерілді. Нәтижесінде 297 жоба пайдалануға тапсырылды. Аталған жобаны сәтті жүзеге асыруды жалғастыру мәселесі Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппараттың апталық мәжілісінде талқыланды.

Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанатбек Қайыпбектің айтуынша, «Ауыл – Ел бесігі» арқылы биыл 165 жоба іске асырылады. Бұл мақсатқа жалпы 25,3 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде, 107-сі – жаңа жобалар. Жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде 134 елді мекеннің әлеуметтік-инфрақұрылымдық жүйелері жақсарады

Биыл 1 сәуірдегі деректі сөйлетсек, 107 жобаның құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша барлығына, техникалық қадағалау жұмыстары бойынша 96-на мемлекеттік сатып алу конкурстары жарияланған. Жарияланған құрылыс-монтаждау жұмыстарына мемлекеттік сатып алу конкурстары нәтижесінде 18 жоба бойынша жеңімпаз мердігер анықталып, келісімшарт түзу жұмыстары жүргізілуде. 20 жоба бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесіне шағым түскен. 69 жобаның мемлекеттік сатып алу конкурсы аяқталмаған. Техникалық қадағалау жұмыстарына 17 жоба бойынша жеңімпаз анықталып, келісімшарт түзу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ-ҚОҒАМ ДЕРТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАС БОКСШЫЛАРЫ БІР АПТАДА 6 АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

«Лексус» көлігімен үйден шығып кетті. Алматы облысында қараша айында жоғалған адам қамыстан табылды

Пікір қалдырыңыз