25.3 C
Shymkent
22 июля, 2024
Жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ СУ АРНАЛАРЫНЫҢ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫН СЫНҒА АЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түлкібас ауданына жұмыс сапары барысында   аудандағы «сақалды» құрылысты қатаң сынға алды. Өңір басшысы осы аймақтағы өзекті мәселенің бірі болған ағын су нысандарының күрделі жөндеу жұмыстарын пысықтады.

Бүгінде Түлкібас ауданында «Қазсушар» мекемесі теңгеріміндегі 13 ағын су каналына күрделі жөндеу жұмыстарына тиісті қаржы қаралған. Алайда, құрылыс жұмыстары баяу жүргізіліп, кестеге сәйкес атқарылмай, нәтижесінде 125,32 шақырымның 27,75 шақырымы ғана бүгінгі таңда  аяқталып отыр. Жоспар бойынша бұл жұмыстар 2023 жылы аяқталуы тиіс еді. 4 ауылды округте 10 ауыл орналасқан. Қазіргі таңда құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты жобалық-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізіліп, мемлекеттік сараптама қорытындысын алынып, «АТК 777» құрылыс мекемесі жеңімпаз атанып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жауапты тұлғалармен кездескен облыс әкімі кемшіліктер қайталанбауы тиіс екенін қатаң ескертті. Түркістан облысында Мемлекет басшысының су үнемдеу технологияларының көлемін арттыру тапсырмасын жоғарғы деңгейде орындауға толық мүмкіндік бар. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түлкібас ауданында 2023-2027 жылдар аралығында қарқынды бау шаруашылығын дамыту жұмыстарымен танысты. Бүгінде 80 га жерге алма отырғызылған. Алма бағының аумағы биыл тағы 25 гектарға артпақ. Ауқымды жобаға мемлекет қоодау беріп келеді. 4 жыл ішінде оның көлемі 160 гектарға артпақ. Өңір басшысы кәсіпкерлерді көптеп тартуды, таулы аумақта аума бақтарының ауқымын арттырып, агрокластер құруды тапсырды. Елімізде су шаруашылығы саласын ауқымды трансформациялау негізінен үш бағытта жүріп жатыр. Біріншісі – суды үнемдеу саясатын қалыптастыруға, сұранысты басқаруға, тазартылған сарқынды суды қайта пайдалануға түбегейлі жаңа нормативтік-құқықтық база құру. Содан соң, су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңарту, озық су үнемдеу технологияларын енгізу, цифрландыру жүйесін күшейту. Сондай-ақ жаңа тарифтік саясат пен су үнемдеу мәдениетін енгізу. Үшіншісі – көршілес мемлекеттермен трансшекаралық ынтымақтастықты күшейту.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ АЯСЫНДА ОН МЫҢҒА ЖУЫҚ АҒАШ КӨШЕТІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

admin

Алматы облысындағы әдепсіз сөздерден судья қызметінен айрылды

admin

Шымкентте су тасқынын жоюға қатысқан құтқарушыларды салтанатты түрде қарсы алды

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз