31.3 C
Shymkent
Шілде 16, 2024
Жаңалықтар

«ART HUB AMANAT» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНУДА

 2024 жылдың 15 сәуірінде  «ART HUB AMANAT» орталығында  «Бастаңғы» іс-шарасы өтті. Іс-шара  аясында қазақ халқының дәстүрі дәріптеліп, қатысушыларға ұйқыашардан дәм татқызып, шығу тарихы мен дайындау жолдарын түсіндірді.

 Қозы Көрпеш – Баян сұлу ғашықтар күніне орай ұйымдастырылған бұл іс- шараның  басты мақсаты- жас ұрпақтың бойында ұлттық өзіндік ерекшелік сезімін және тарихымыз бен мәдениетімізге деген сүйіспеншілікті арттыру дейді ұйымдастырушылар.

 «Бастаңғы» – қазақ жастарының дәстүрлі сауықтарының бірі. Үйдің үлкендері жолаушылап кеткенде ауылдың қыз келіншектері сол үйге жиналып, бастаңғы жасайды. Бастаңғыға жиналан қыздар үйлерінен құрт май,қант шайларын өздері әкеліп,ортақ дастархан жайған.Бастаңғының екі түрлі тәрбиелік мәні бар, алғашқысы  баланың үйде отырып  томаға тұйық болыпқалмауына, елмен араласуына, замандастарымен жақын танысуына жол ашу, қонақ күте білуге баулу. Енді бірі – қызды қазан аяқ ұстауға, дастархан жасай білуге үйрету.Сол себепті бастанғыны көбіне қызы бойжете бастаған үйлер жасаған.

 Шараға Солтүстіктен келген  Эльмира Абетжанова өз алғысын ұйымдастырушыларға білдіріп, қазақ салт дәстүрлерінің қайта жаңғырып жатқанына қуанышты екенін және бұл шара әрімен қарай өз жалғасын Солтүстік Қазақстанда тапқанын қалайтынын айтты.

  «Селт еткізер» Ұйқышар дайындап өздеріне құрмет көрсетіп, қызмет етіп жүрген көңілі қалаған бойжеткен қыздарға жас жігіттер сақина,сырға,білезік секілді сый сыяпат ұсынады. Ол жігіттің жаман ойын сезген сезімтал арулар селк ете қалады. Сондықтан  да бұл сый селк еткізер деп аталады. Жастарымыздың арасында «Ұйқыашар» мен «Селт еткізер» игі дәстүрін қайта жандандыру барысында көрініс, мақал мәтел, жұмбақ жасыру секілді қойылымдар қойды.

 

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Наурыз көже, жәрмеңке және көптеген сыйлықтар: Астанада көктемгі мереке кеңінен аталып өтілуде

admin

Астанада 4 тонна немесе 140 мың пакет насвай жағылды

admin

«Наурыз базары»: бірінші күні елордада шығыс жәрмеңкесіне 30 мың адам келді

admin

Пікір қалдырыңыз