Ақпарат Түркістан

ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫНЫҢ ҰСЫНЫСТАРЫ ТЫҢДАЛДЫ

Түркістанда «Ұлттық ономастика: Ізденіс пен тәжірибе» республикалық семинар өтіп жатыр. Маңызды жиынға келген тіл жанашырлары мен қоғам қайраткерлерін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қабылдап, ұсыныстарын, пікірлерін тыңдады.

Кездесуде академик Серік Негимов, қоға қайраткері Дархан Мыңбай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ақын Жанарбек Әшімжан ономастика саласы туралы ой қозғап, пікірлерін айтты. Түркістан төріндегі семинардың маңызды екеніне тоқталып, бұл іс-шараның шежірелі шаһарда өтуінің мәні зор екенін жеткізді.

Айта кетейік, тіл жанашырларын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Али Рустам бастап келді. Түркістандағы «Фараб» кітапханасында өтіп жатқан семинарға елге белгілі филологтар, ғалымдар, ономастика саласына жауапты тұлғалар қатысып жатыр.

 

 

 

Бөлісу

Related posts

Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарлама бойынша өтінім қабылдау басталады

Елімізде баспанаға сұраныс күрт артты

AdiletTV

Қазақстанда жаңа комитет пайда болады

AdiletTV

Leave a Comment