Шаһарымызда ұлы ақын,қазақ ойшылы Абай Құнанбайұлының өлеңдері кеңінен дәріптеліп жатыр. Дәлірек айтсақ қалалық филармонияда 10 жастан жоғары ал Пушкин кітапханасында 10 жасқа дейінгі балалар арасында Абай әлемі атты республикалық байқау өтті. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан бұл байқаудың басты мақсаты ақынның шығармаларын кеңінен насихаттап, оқырманның ықыласын арттыру дейді,ұйымдастырушылар.
Аталған байқауға республиканың түкпір -түкпірінен 500-ге жуық оқушы қатысып,дарын қабілетін шыңдады. Байқау талаптары қатысушылардың жас ерекшеліктеріне қарай қойылған. Қазылар алқасы қатысушылардың дауысына ғана емес туындының мән маңызын жеткізе білу шеберлігінеде аса мән берді.Сондай-ақ шығармаларды түрлі аспаптармен және сахналандырылған қойылымдармен көрсетіп, көрерменге ерекше көңіл күй сыйлады.
Қазақ тілі мен әдебиетіне бет бұрған оқушылар тек білім алып қоймай өздерінің дарын қабілетін шыңдауға бұндай байқаулардың маңызы зор екені анық. Өнер аламанында ұлы ақынның шығармалары кеңінен қамтылды. Абай мұрасын дәріптеуді міндет тұтқан байқаудың әр қатысушысы сол мақсатты жүзеге асырып, маңызды істің орындалуына септігін тигізді.
Дарынды оқушылар байқауда ұлттың бас ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығын кеңінен дәріптеу, ағартушының рухани, мәдени мұраларымен таныстырды. Дана ақын өлеңдерін жатқа білетіндер оқушылардың адамгершілік, қарапайымдылық, имандылық секілді адами қасиеттерді бойына сіңіретіні анық.