25.3 C
Shymkent
22 июля, 2024
Ақпарат Мәдениет

«АБАЙ ӘЛЕМІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ

 Шаһарымызда ұлы ақын,қазақ ойшылы Абай Құнанбайұлының өлеңдері кеңінен дәріптеліп жатыр. Дәлірек айтсақ  қалалық филармонияда 10 жастан жоғары ал Пушкин кітапханасында  10 жасқа дейінгі балалар  арасында Абай  әлемі атты республикалық  байқау өтті. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан бұл байқаудың басты мақсаты ақынның шығармаларын кеңінен насихаттап, оқырманның ықыласын  арттыру дейді,ұйымдастырушылар.

 Аталған байқауға республиканың түкпір -түкпірінен 500-ге жуық оқушы қатысып,дарын қабілетін шыңдады. Байқау талаптары қатысушылардың жас ерекшеліктеріне қарай қойылған. Қазылар алқасы қатысушылардың  дауысына ғана емес туындының мән маңызын жеткізе білу  шеберлігінеде аса мән  берді.Сондай-ақ шығармаларды түрлі аспаптармен және сахналандырылған қойылымдармен көрсетіп, көрерменге  ерекше көңіл күй сыйлады.

Қазақ тілі мен әдебиетіне бет бұрған оқушылар тек білім алып қоймай өздерінің дарын қабілетін шыңдауға бұндай байқаулардың маңызы зор екені анық. Өнер аламанында ұлы ақынның шығармалары кеңінен қамтылды. Абай мұрасын дәріптеуді міндет тұтқан байқаудың әр қатысушысы сол мақсатты жүзеге асырып, маңызды істің орындалуына септігін тигізді.

Дарынды оқушылар  байқауда ұлттың бас ақыны Абай Құнан­бай­ұлының шығармашылығын кеңі­нен дәріптеу, ағарту­шы­ның рухани, мәдени мұраларымен таныстырды. Дана ақын өлеңдерін жатқа біле­тін­дер оқушылардың адамгершілік, қа­рапайым­дылық, имандылық секілді адами қа­сиет­терді бойына сіңіретіні анық.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Ораза айт мерекесімен құттықтады

AdiletTV

ЖЕТІСАЙЛЫҚ ДИҚАНДАР ЖАҢА ТӘСІЛМЕН МАҚТА ЕКТІ

AdiletTV

САРБАЗДАР ТАНКПЕН ШАЙҚАСЫП, ОҚ-ДӘРІНІҢ ИІСІН СЕЗДІ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз