21.3 C
Shymkent
21 июля, 2024
Ақпарат

БИЫЛ 29 ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛАДЫ

Түркістан облысында «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жылдары жобалық қуаттылығы 49 мың орындық 63 мектеп салу жоспарланған.

2024 жылы пайдалануға берілетін 29 мектептің құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізетін мердігер және жобалаушы мекемелер «самұрық-қазына канстракшн» акционерлік қоғамы арқылы анықталған. Аталған 29 мектептің 19-ы биыл қыркүйек айында, қалған 10-ы желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп күтіліп отыр.

Түркістан облысы әкімі аппаратының апталық мәжілісінде осы мектептердің құрылысын сапалы жүргізу, білікті педагогтармен қамту мәселесі талқыланды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жауапты басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне жұмысты жүйелі атқаруды тапсырды. «Жайлы мектеп»  жобасы аясында салынатын мектептерге жергілікті өндірушілердің жиһаздары қолданылуы керектігін ескертті. Сонымен бірге мектептерді білікті кадрлармен қамтуды тапсырды. Мәжілісте Түркістан  облысының білім және құрылыс басқармасы басшыларының осы бағыттардағы есептері тыңдалды

Қазіргі таңда, 2024 жылы пайдалануға берілетін 29 мектепті талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясы арқылы жоғары жылдамдықты интернетпен қамту үшін «Қазақтелеком» АҚ мен «Транстелеком» АҚ операторларымен техникалық шарттары алынды. Жоспарлы жұмыс 2024 жылғы 1 тамызға дейін толық іске асырылады.Ал, 2025 жылы пайдалануға берілетін 34 мектептің құрылысын іске асыру жоспарына сәйкес, жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету 2025 жылғы 1 тамызға жоспарланған.

 

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

КЕЛЕС АУДАНЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

AdiletTV

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: АБАТТАНДЫРУ, КӨГАЛДАНДЫРУ, ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАҢАША ФОРМАТТА ЖҮЙЕЛЕНЕДІ

AdiletTV

«АЙБЫН-2024» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ

Пікір қалдырыңыз