-7.7 C
Shymkent
12 декабря, 2024
Ақпарат Жаңалықтар

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ЖЕТІСАЙЛЫҚ ШАРУАЛАРМЕН АҒЫН СУ МӘСЕЛЕСІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Аграрлы өлкенің ең өзекті мәселесі – ағын су. Соңғы жылдары Жетісай ауданындағы егістік алқаптарға «Достық» магистральды каналы арқылы келетін ағын су мөлшерінің жетіспеушілігі мен каналдардың, арық-атыздардың дер кезінде тазаланбауы шаруалардың мол өнім алуларына кедергі келтіріп отыр.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Жетісай ауданына жасаған іс-сапары барысында «Достық» магистралды каналы арқылы келетін ағын су жеткіліксіз болған жағдайда Шардара су қоймасынан машиналық әдіспен су көтеру арқылы қосымша ағын су алу мақсатында салынған «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» каналында болып, ағын су беру маусымына дайындық жұмыстарымен танысты. Аталған су арналарына жауапты «Қазсушар» РМК басшыларымен бірге жергілікті шаруалармен кездесіп, өзекті мәселенің шешу жолдарын түсіндірді.

Өткен жылы мұнда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қосымша су сорғы станциясындағы 3 дана су сорғы агрегаттарын жөнделген. Су сорғы станциялары арқылы жеткізуші каналдың тығынды аумақтарында механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде. Биыл ағымдағы жөндеу жұмыстары арқылы жалпы 8 дана насос агрегаттарын жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Осы мақсатта мердігерді анықтау іс-шарасы жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, экономикасының басым бөлігін ауыл шаруашылығы саласы құрайтын Жетісай ауданының егістік алқаптарына ағын су жеткізетін жалпы ұзындығы 1553 шақырымды құрайтын 781 канал бар.

Бөлісу

Related posts

СУҒА ТҰНШЫҚҚАН 2 ЖАСАР БАЛАНЫ ҚҰТҚАРЫП ҚАЛҒАН ПОЛИЦЕЙ ВИДЕОҒА ТҮСІП ҚАЛДЫ

AdiletTV

Су тасқыны: БҚО-да 90 тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын

AdiletTV

2,5 МЛН ТЕҢГЕНІҢ ВЕЛОСИПЕДТЕРІН ҰРЛАҒАН КҮДІКТІ ҚҰРЫҚТАЛДЫ

AdiletTV

Leave a Comment