21.3 C
Shymkent
2 июля, 2025
Ақпарат Қылмыс Оқыс оқиға

Полицейлер аса ірі көлемдегі мефедронның таралуына жол бермеді

Шымкент ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында есірткі заттарын өткізумен айналысып жүрген Алматы тұрғынын құрықтады.

20 жастағы ер адам өзімен бірге қытырлақ картоп (чипсы) қаптамасына салынған синтетикалық есірткіні тасымалдаған.

Оның жалдамалы пәтерін тексеру кезінде “ұнтақ” салынған полиэтилен пакеттер және 150-ден астам есірткі орамалары табылды.

Тәркіленген мефедронның жалпы салмағы 3,5 келіні құрады.

Күдікті қамауға алынды.

Тергеу жүргізілуде. Шымкент қаласының полиция департаменті есірткімен байланысты кез келген заңсыз іс-әрекет заңмен қудаланатынын ескертеді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Байжанов пен оның адвокаты жаңа айыптау актісімен келіспеді

AdiletTV

Иран Мысырға әуе кеңістігін үш сағатқа жабатынын ескертті

AdiletTV

Жаңбыр, бұршақ: Ертең барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз