25.3 C
Shymkent
19 июля, 2024
Ақпарат

ЧЕРНОБЫЛЬ АПАТЫНА 38 ЖЫЛ

Чернобыль атом электр станциясындағы апатқа биыл 38 жыл толды. Апат зардабын жоюға қатысушылар ядролық апат құрбандарына арналған ескерткішке жыл сайын гүл шоғын қоюды дәстүрге айналдырған. Биыл да ардагерлер мен іс-шараға келушілер апатты жоюға қатысқандардың рухына тағзым етіп, өткен күндердің оқиғаларын еске алды.

2 мыңнан астам оңтүстік қазақстандық Украинаға Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жою үшін аттанды. Олар отан алдындағы борыштарын орындады. Алайда, АЭС сепкен ажал уынан құтыла алмады. «Чернобыль» апатын жоюға қатысқан ардагерлердің айтуынша, бүгінде қатысқандардың саны күн санап азайып барады. Қазіргі таңда қала бойынша небәрі 284 ардагер бар.

Қаралы күннің өткеніне 38 жыл толса да, мамандар тарихтағы ең ірі техногендік апаттың салдарын әлі де жоюда. Әлем тарихындағы алапат апаттқа қатысқандар бұл күні оқиғаны, әріптестерін еске алып, құрбандарға арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Чернобыль атом электр стансысында болған жарылыстың орнын залалсыздандыруға қатысқандардың қатарында  Дәулет Пернебаев та бар. «Сол күндерді күрсінбей еске алу мүмкін емес» дейді ол.

Айта кетейік іс-шара барысында апатқа қатысқан азамттарға алғыс хаттар табыстылды. Жарылыстың зардаптарын жоюға қатысушыларды еске алу шарасында ардагерлер, келушілерге тарихты ұмытпай, өткеннің тағылымы мен жерлестерінің ерлік істерін әрқашан есте сақтау керек екенін айтты.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкент қаласының Түркістан көшесіндегі тұрғын үйдің бірінде түн ортасында Өрт шықты

Салтанат Нүкенованың ағасының үстінен қылмыстық іс қозғалды

AdiletTV

ШЫРАЙЛЫ ҚАЛАМЫЗДА ДЭВИС КУБОГІ МЕН БИЛЛИ ДЖИН КИНГ КУБОГІНЕ АРНАЛҒАН АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз