29.3 C
Shymkent
Шілде 12, 2024
Ақпарат Түркістан

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ ШЕГІРТКЕМЕН КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Түркістан облысында алғаш рет зиянкестермен күреске робототехниканы пайдалану жолы таныстырылды. Ауыл шаруашылығы министрлігі шегірткемен “шайқасқа” дрондарды қолдануды қарастырып жатыр.

Өңірге жұмыс сапарымен арнайы келген ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров облыс әкімі Дархан Сатыбалдымен бірге үйірлі шегірткеге қарсы күрес жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігерлермен, Келес және Сарыағаш ауданының тұрғындармен кездесті. Фитосанитариялық шаралардың жүргізілуіне 100-ге жуық техника жұмылдырылады.Министр мердігерлерге күресті күшейтуді, өңдеуді дер кезінде аяқтауды және техника санын арттыруды тапсырды. Түркістан облысы марокко шегірткесі ең көп таралған аймақ саналады.

Негізгі ошағы Арыс, Сарыағаш, Келес аудандары. Алайда соңғы жылдары Бәйдібек, Ордабасы, Қазығұрт, Төлеби, Сауран, Шардара және Отырар аудандарында да кездесуде. Күрес жұмыстары жер үстінде бүріккіш техникаларымен, әуеден ұшақпен және ұшқышсыз ұшу аппаратымен өңделеді.
Бүгінге дейін облыс бойынша 30 мың гектардан астам алқапта шегірткенің ошақтары химиялық жолмен өңделді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Мемлекет басшысы Ұлттық ұлан авиабазасының ашылу рәсіміне қатысты

AdiletTV

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ЗАМАНАУИ ҚҰС ФАБРИКАСЫ АШЫЛДЫ

admin

ТҮРКИЯ ЕЛШІСІ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ ЖОҒАРЫ БАҒАСЫН БЕРДІ

admin

Пікір қалдырыңыз