21.3 C
Shymkent
21 июля, 2024
Ақпарат Жаңалықтар Түркістан

ЖЕТІСАЙДА ОБЛЫС ӘКІМІ ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Облыс тұрғындарын алаңдатқан мәселелер үнемі назарда болады. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды Жетісай ауданына жасаған іссапары аясында жеке қабылдау өткізді. Жетісайлық азаматтардың өтініштерін тыңдап, жауаптыларға заң аясында шешу бағытында нақты тапсырма жүктеді. Қабылдауға құқық қорғау органдарының және облыстық басқарма басшылары мен өкілдері қатысып, оңтайлы шешілуіне атсалысты.

Тұрғындардың басым көпшілігі инфрақұрылым мәселесін көтерді. Баспанамен қамту, жарықтандыру мәселесін де ортаға салды. Ералиев ауылдық округінен келген тұрғын Ғани Мұратбаев ауылының электр бағаналарын және сымдарын ауыстыруды, барлық көшеге асфальт салуды өтінді. Жаңа Дәуір ауылына газ қосу және электр бағаналарын ауыстыру, таза ауыз су тарту секілді мәселелер де айтылды.

Келесі азаматша ауруханада орын алып жатқан келеңсіздіктер туралы айтса, тағы бір тұрғын Амангелді атындағы №19 жалпы орта мекттебіне күрделі жөндеу жұмыстарын өткізуді ұсынды.Сонымен қатар Нұр ауылының инфрақұрылымын дамыту бағытында өтінішін алға тартты. Ауыз су, қоқыс алаңшалары да назардан тыс қалмады.

Ақши көшесі мен Тың, Игілік көшелерімен қиылыстыруды сұраған тұрғын оның берер пайдасы туралы айтты. Медициналық пункт пен ойын алаңшаларының жоқтығына, балабақшаның заңсыз жабылғанына наразылық білдірді. Тұрғын үйінің қасынан тас жолы салынып, жүк көліктерінің өту салдарынан тұрғын үйіне зардап келіп, қабырғалары жарылған тұрғын аталған мәселені шешіп беруге ықпал етуді сұрады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚАЗАҚСТАНДА АВТОГАЗ БАҒАСЫ ТАҒЫ КӨТЕРІЛЕ МЕ?

Геннадий головкин – ҰОК президенті.

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

Жүргізуші куәлігін жасап беремін деп алаяқтыққа барған

Пікір қалдырыңыз